«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАРТОПТЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ КӨП

– Адам баласы үш-төрт мезгіл тамақтанады. Сол ас мәзірінің ішінде міндетті түрде картоп жүретіні анық. Ал осы картоптың емдік қасиеті өте ерекше екен.

Картоп тамырында туберкулез таяқшаларының дамуын жоятын туберозин деген зат бар. Сондықтан дерттің алдын алу үшін де, онымен ауыратындар да картопты суға немесе буға пісіріп жегендері жақсы.

Картопты суға пісіріп, аздаған қант пен сүтке араластырып жеген адам созылмалы бүйрек пен бауыр ауруына қарсы табиғи ем қабылдағанмен тең.

Кейбір адамдардың көбірек жүрсе аяғы ісініп ауыратыны бар. Ондай кезде аптасына үш рет суға пісірілген картопты қабығымен қоса сүтпен араластырып жесе көп ұзамай ауырудан құтылады.

Аллергия, тахикардия, жүрек аурулары кезінде, жоғары қан қысымында, бүйрек, бауыр, өт жолы дерттерінде картопты жақсылап жуып, пісірген соң қабығымен қоса сүтпен араластырып жеген пайдалы екен.

Ал варикоз, геморрой, артрит, қақырық түспегенде жуылған картоптың қабығын қалыңдау етіп кесіп алып, еттартқыштан өткізіп, қайнаған ыстық суда 1-2 минут бұқтыру керек. Ол әрі дайын ас, әрі табиғи ем болмақ. Картоп шырыны да қан қысымының түсуіне жақсы жәрдемдеседі.

Әрине, әрі тамақ, әрі табиғи ем картопты қайнатып жей беру оңай. Дегенмен, асқазан жарасы, асқазан қышқылы жоғары болған жағдайда бұл емді пайдалануға болмайды, кері әсер етуі мүмкін. Венерологиялық аурулармен ауырған жағдайда да картоп емін доғара тұру керек. Қуыққа тас байлану, ішектің желденуі сынды жайлар жиі кездессе картоп шырынын ішпеген жөн.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp