«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “100 нақты қадам” Ұлт жоспарындағы салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желілерін құру мақсатын көздейтін 43-қадамында орталық салық төлеушілердің электронды құжаттардың бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігі, жаңа тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу қарастырылған. Бүгінде мемлекеттік кірістер департаменті осы бағытта бірқатар жұмыс жүргізуде.

Сыртқы экономика қызметінің қатысушыларына (СЭҚ) жақсы бизнес ахуал және сауда айналымын ынталандыруға қолайлы жағдай туғызу үшін кедендік операцияларды жылдам әрі ыңғайлы жүзеге асырудың маңызы зор. Кедендік декларация ұсыну үдерісін оңтайландыру және әкімшілік кедергілерді азайту үшін экспорт-импорттық операцияларды жасау кезінде кеден органдарының талап ететін құжаттары азайтылды. Экспорттық тауарлар – үш, ал импорттық тауарлар бес құжатқа дейін қысқарды және автоматтандырылған үдеріспен жүзеге асырылады. Қазіргі таңда кедендік процедуралар бойынша экспортқа шығарылатын тауарларға декларация электронды түрде ұсынылады, онда қағаз жеткізгіштегі құжаттар талап етілмейді.

Мемлекеттік кірістер жүйесінде жоғары тиімді бірыңғай жүйе қалыптастыру – заман талабы. Сыртқы сауда қызметін дамытуға көмек көрсету және елдің экономикалық қауіпсіздігін қорғауға жағдай жасау үшін тұрақты жұмыс жүргізіледі. Осы мәселені оңтайландыру мақсатында көптеген елдердің тәуекелдерді басқару жүйесі жұмыс істеуде.

Бүгіндері облыстық кірістер департаментінде жеке бөлімше құрылып, оған тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануда қызметтерді үйлестіру функциясы жүктелді. Тәуекелдерді басқару жүйесі кедендік заңнама талаптарын бұзушылықтардың алдын алу үшін қызмет ресурстарын маңызды және басымды бағыттары бойынша ұтымды бөлуді, ішінара қағидаға сүйене отырып, тиімді кедендік бақылау шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бұл жүйе кедендік рәсімдеу уақытын қысқартуға оң әсер етуде. 2014 жылдан бері бір импорттық тауардың декларациясына кететін уақыт, егер тәуекелдерді басқару жүйесі заңсыздықтың жоқтығын анықтаса 137 минуттан 69 минутқа дейін қысқарды. Экспорт бойынша рәсімдеу уақыты 39 минуттан 23 минутқа дейін азайды.

Облыстағы тәуекелдерді басқару жүйесіндегі тиімді жұмыс тәуекел профилін құрайтын тауарлар декларациясының үлесін 35 пайызға төмендеуіне себепші болды.

Кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары қызметкерлері автоматтандырылған қамсыздандыру бағдарламасын дайындап, тәуекелдерді бақылау басқармасы жүйесін (ТББЖ) құрды. ТББЖ қызметінде тәуекелдердің алдын алу және ықшамдау шаралары, олардың іске асырылуы мен тиімділігін бағалау, сондай-ақ, кедендік операцияларды атқарған кезде автоматтандырылған бақылау үдерісін жүзеге асыру қадағаланады. Комитет және оның құрылымдық бөлімшелері тәуекел профиль жобаларын қалыптастыру үшін тәуекелдерді анықтау мен талдау, қолданыстағы тиімсіз профильдерді жою жұмыстарын жүргізеді.

Кеден органдарының қолдануына арналған тәуекел индикаторлар мен профильдердің мазмұны құпия қызметтік ақпарат болып табылады. Тәуекел профилін құру кезінде мемлекеттік кірістер органдары кедендік бақылаудың ішінара қағидасына сүйеніп, Кеден одағы және Қазақстан Республикасы кеден заңнамаларын сақтауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті тұлғалармен шектеледі. Кедендік бақылау нысандарына құжаттарды және мәліметтерді тексеру, ауызша жауап алу, кедендік бақылау, үй-жайларды және аумақтарды кедендік тексеру, кедендік бақылауда тұрған және басқа тауарларды есептеу жатады.

Үстіміздегі жылдың он бір айы ішінде тәуекел профильдер байқалған кезде жалпы рәсімделген декларацияның 0,4 пайызына кедендік тексеріс белгіленді. Сонымен қатар, кедендік заңнама талаптарын бұзушылықтар анықталды, кедендік құн түзетулері жүргізілді, айыппұл белгіленді. Ол заңсыздықтардың кедендік тексеріске дейін ерікті түрде жойылуына ықпал етілді. Бүгінгі таңда облыс бойынша кедендік тексеріс жүргізудің тиімділігі 5,6 пайызды құрайды.

Кедендік бақылау және кедендік процедураларды жүзеге асыру кезінде бюджетке 100 млн. теңгеден астам қаржы түсті. Соның ішінде ТББЖ-ні қолдану нәтижелері бойынша 1 млн. теңгеден астам кеден құнына он түзету тәртібі жүргізілді.

Алдағы уақытта кедендік декларациялар беру кезінде адам факторы ықпалының, содан туындайтын заңсыздықтың жолын кесу үшін электронды ресми мәлімдеудің автоматтандырылған жүйесін іске асыру жоспарлануда. ASYCUDA, яғни кедендік мәліметтерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесі – Халықаралық кеден ұйымдарының, Дүниежүзілік сауда ұйымдары және халықаралық стандарттарға сәйкес өңделген. ASYCUDA жүйесін тоқсаннан астам ел пайдаланады. Автоматтандырылған режімде жүйе жылына 16 млн. кедендік декларация өңдейді. Осы жүйені қолданған елдердің көбі кедендік рәсімдеуге кететін уақытты 10-15 есеге қысқартқан.

2017 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа Кеден кодексі күшіне енгеннен кейін бірінші кезекте бизнес үшін әкімшілік кедергілерді төмендетуге, кедендік әкімшілендіру процедурасын оңайлатуға және алдыңғы ақпараттық шешімді енгізуге бағытталған өзгерістер және жаңалықтар болмақ.

Ғалия ЖҮСІПОВА,

облыстық кірістер департаментінің талдау және тәуекелдер

басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp