«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кезегін күткен бүлдіршін

Жыл басынан бері өңіріміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі 68 қылмысты тіркесе, оның 93 пайызы “бармақ басты, көз қыстылыққа” қатысты екен. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келген шығын 155,6 млн. теңгені құраса, бүгінде оның тек 4,3 млн. теңгесі ғана қайтарылған. Құны 1 млрд. 177 млн. теңге болатын мүлікке тыйым салынған.

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында партия бағдарламасының іске асырылуы ғана емес, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету мәселесі де талқыланды.

Бүгінгі күні өңірімізде 3 жас пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуға баса назар аударылып отыр. Осының арқасында бұл жастағы балдырғандардың 97 пайызы балабақшаға барып жүрсе, үш жасқа дейінгі тоғыз мыңнан астам бүлдіршіннің ата-анасы әлі үміттерін үзбеген. Себебі, Петропавл қаласы бойынша балалар туа сала балабақша кезегіне қойылса да, тек үш жарым жылдан кейін ғана мектепке дейінгі білім беру мекемесінің табалдырығын аттайды екен.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Күлпаш Қалғожина Білім және ғылым министрлігінің 2016-2018 жылдарға арналған инвестициялық жобалар тізбесіне төрт балабақшаның құрылысын енгізу қарастырылып жатқандығын айтты. Бүгінде Петропавл қаласында және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда екі балабақшаның жобалау-сметалық құжаттары дайындалған.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp