«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Алдағы уақытта трактор, себу кешендері және комбайндар сияқты ауыл шаруашылығы техникалары жергілікті машина жасау зауытында құрастырылатын болады.
Былтыр Нұр-Сұлтан қаласында өткен XI экономикалық форум аясында облыс әкімдігі мен Германия елінің “CLAAS” компаниясының директоры Нильс Ройтч арасында ортақ жобаны жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойылды. Заманауи техника жергілкті “Қазтехмаш” машина жасау зауыты” ЖШС-нің базасында құрастырылмақшы. Жаңа зауыт “Xerion” маркалы тракторын, “Horsh” себу кешендерін және “Tucano” маркалы 100 комбайнды құрастырып шығаруды жоспарлауда. Нәтижесінде 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, өңірдегі тракторлардың 84, ал комбайндардың 68 пайызының тозығы жеткен. Он жылдан артық қолданыста болған бұл техниканы ауыстыру қажет. Кәсіпорын іске қосылған жағдайда облыстың машина-трактор паркі сапалы түрде жаңартылмақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp