
20 қараша күні бір уақытта еліміздің барлық аймақтарында “Назарбаев Зияткерлік мектептері” желісінің 20 мектебін қамтыған “Алға, Қазақстан!” атты жастардың би флешмобы болды.
Еліміз бойынша 3000 оқушының қатысуымен өткен шарадан облыс орталығындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі де тыс қалмады. Петропавлдағы Спорт сарайында ұйымдастырылған флешмобта 428 оқушы қатар тұра қалып, ұлттық және жаңаша үлгідегі заманауи билерді орындады.
Шара соңында жас өрендер патриоттық ұрандарды әуелетіп, барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.
Нұргүл ОҚАШЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.