«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЛ, КІТАП ОҚИЫҚ!

“Жас Отан” жастар қанатының қалалық бөлімі Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханада буккроссинг акциясын өткізді.

Тың шараның мәні мынада: бір адам өзінің оқыған кітабын қоғамдық орындарда, мысалы, саябақта, дәмханада, көлікте, кітапханада қалдырады. Ал оны тауып алған адам кітапты оқыған соң оны келесісіне табыстайды. Кітаптың “жолын” бақылау ғаламтор желісіндегі арнайы парақша арқылы жүзеге асырылады.

Бұл шара облыста алғаш рет өткізіліп отыр. Менің ойымша, аталған акция жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, ынта-ықыласын арттырады. Кітап оқуды сәнге айналдыру үшін мұндай шараны енді тұрақты өткізіп тұратын боламыз. Жас достарымды бұл бастаманы қолдауға шақырамын.

Абылайхан ҚАЙРОЛЛАЕВ,

“Жас Отан” жастар қанаты

қалалық бөлімінің жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp