«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕН ӨНДІРІСІНІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢ

Елордада тау-кен конгресі өтуде. Еліміздің кен өндірісі саласындағы ең елеулі оқиғаға дүниежүзінің үздік 2 мыңнан астам кәсіпорнының өкілдері қатысуда. Іс-шара аясында меймандар іскерлік сессиялар мен талқылауларға қатысып, ірі компаниялардың тәжірибесін меңгеруде. Бұған қоса, барлау, кен өндіру, өңдеу қондырғыларының көрмесі де ұйымдастырылған.

Шараға Солтүстік Қазақстан облысы аумағында кен өндірумен айналысуға ниетті компаниялар да қатысуда. Атап айтқанда, «ERG» және «Solidcore Resources» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері өңірдегі «Баян» кен орнында вольфрам, «Сырымбетте» қалайы шығаруды қолға алған.

«Сырымбет» қойнауын игеру жобасы конгрестің панельдік сессиясында таныстырылып, көпшілік назарына ұсынылды. Аталған жобаларды жүзеге асыру 1500 жұмыс орнын ашып, өңірге 200 млрд. теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Шырайлым НҰРҚАНОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp