Менің механизаторлық еңбек өтілім – 5 жыл. Бүгінгі таңда “Солтүстік Ақжар МТС” ЖШС-інде жұмыс істеймін. Аталмыш серіктестік биыл құрылған болатын. Кәсіпорынның негізгі міндеті ауыл шаруашылығы құрылымдарына қызмет көрсету болғандықтан, жұмысымыз облыс аумағында ұйымдастырылуда. Тапсырыс бойынша жұмыс істейтіндіктен, кәсіпорын техникалық паркке үлкен мән береді. Сондықтан серіктестік әкімшілігі жергілікті тауар өндірушілердің “Сампо-Азия” комбайнының бесеуін сатып алды.
Бұған дейін басқа комбайндарда жұмыс істеген едім. Әрине, жаңа мен ескіні салыстыру қисынсыз, технологиялық өзгешеліктері көп-ақ. Жаңа комбайнның арқасында биыл шаруамыз жылдам тындырылып, тапсырыс берушінің ризашылығына бөленіп жүрміз. Осы күнге дейін екі шаруашылықтың 1,5 мың гектар жерінің астығын жинадық. Тегеурінді техниканы тізгіндегелі егін жинау науқаны біршама жеңілдей түсті деп әріптестерімізбен ой бөлісеміз.
“Сампо-Азия” комбайнының шетелдік “Джон Дир”, “Класс” сынды ауыл шаруашылығы техникаларынан ешбір кемдігі жоқ. Оны заманауи технологияның жетістігіне сай деп айтуға болады.
Әскер МОЛДАБАЕВ,
“Солтүстік Ақжар МТС” ЖШС-нің механизаторы.