«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОНТРАФАКТІЛІК ІШІМДІК ТӘРКІЛЕНДІ

“Мамлютка” теміржол көліктерін тексеру бөлімшесінің шекара жасағы Петропавл теміржол бекетінде тоқтап тұрған “Анапа-Красноярск” бағытындағы №130 пойызға 457,7 мың теңгенің контрафактілік өнімнің тиеліп жатқан сәттің үстінен түсті. Құжатсыз тиеліп жатқан 110 шөлмек (220 литр) шарап, 30 шөлмек (60 литр) коньяк, 78 шөлмек (156 литр) арақ, 28 шөлмек (56 литр) мускат шарабы, 14 шөлмек (28 литр) алма шарабы тәркіленді. Сараптама барысында алкогольді сусындардың барлығы қолдан жасалғандығы анықталды.
Пойыз бастығы, 1972 жылғы Ресей азаматы қамауға алынды. Ал қолдан жасалған арақ-шарап тәркіленіп, облыстық мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp