«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮШТЕРІН БІРІКТІРУІ ТИІС

Өткен тоғыз айда өңірімізде қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы 60400 арыз бен хабарлама тіркелген. Ал 2015 жылдың сәйкес кезеңінде олар бұдан көп болған еді. Облысымызда кісі өлтіру – 7,7 пайыз, зорлау – 48, алаяқтық – 26, бопсалау – 58,6, бұзақылық – 54,6, қарақшылық 9 пайызға төмендегені анықталды. Қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс саны 7,4 пайызға азайған. Мәселен, өткен жылы 1130 қылмыс анықталса, биыл 1047 заң бұзушылық тіркелген. Ал көшелерде жасалған қылмыстар 3,6 пайызға төмендеген.

Жұмыссыздық пен қылмыс мәселесі тығыз байланысты. Сондықтан қылмыскердің статистикалық портреті орта жастан асқан, жұмыссыз ер адам ретінде берілген. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігін 21-39 жас аралығындағылар жасайды.

Қылмыс әлеуметтік көрініс болып табылады. Демек, барлық күш құрылымдары және қоғамдық ұйымдар тыныштықты қамтамасыз ету үшін өздерінің бар күштерін біріктіруі тиіс.

Ерлан ӨСТЕМІРОВ,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

басқармасының құқықтық статистиканы

қалыптастыру бөлімінің маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp