«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПОДАҚТАРҒА АРНАЛДЫ

Қалалық Мəдениет үйінде Қазақстан кəсіподақтары күніне орай салтанатты жиын өтті. 

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері бас қосқан шараға облыс əкімінің орынбасары А. Сақыпкереев қатысты. “Облыстық кəсіподақтар орталығы” кəсіподақтар аумақтық бірлестігі ұйымдастырған жиын барысында кəсіподақтар қозғалысын насихаттау, бастауыш кəсіподақ ұйымдарының беделі мен рөлін арттыру бойынша міндеттер анықталып, қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін лайықты қорғау барысы талқыланды. Салтанатты шарада белсенді жұмысымен, əлеуметтік жеңілдіктер жасауда үлкен жетістіктерге жеткен кəсіпорын басшылары, ЖШС директорлары мен өзге де ұйым өкілдері облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Жиын соңында мереке иелері облыстық филармония ұйымдастырған концертті тамашалады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp