«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨЗДЕГЕНІ ІСКЕ АСПАДЫ

“Булаево” жолаушыларды өткізу пунктінде Петропавл – Есілкөл бағытындағы қалааралық электрпойызында жүргізілген шекаралық бақылау кезінде Қазақстан Республикасы азаматының қол жүгінен 90 қорап акциздік маркасыз темекі бұйымдары табылды.

Алпыс жастағы жолаушы әйел “FLOYD” маркалы темекіні Ресейдің Есілкөл қаласына сату мақсатында апара жатқанын айтты. Саудагерге қатысты іс Мағжан Жұмабаев аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-бабына сәйкес акцизделетін тауарды акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларынсыз айналымға шығару әрекеті үшін жеке тұлғаға 50 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салынуы мүмкін.

Өткен жылы шекарашылар ірі көлемде акциздік маркасыз темекі бұйымдарын тасымалдаудың бес фактісін анықтаған болатын.

Данияр ЖОЛДАСБЕК, “Булаево” (теміржолдық) шекара бақылау бөлімшесі бастығының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp