«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨКЕЙДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айыртау ауданындағы Володар ауылдық округінің әкімі Ерлан Сәдуақасов тұрғындар алдында есеп берді. Оған Айыртау ауданының әкімі Ағзам Тастеміров қатысты.

Ерлан Серікұлының айтуынша, есепті жыл ішінде ауылдық округ бойынша белгіленген негізгі шаралар ойдағыдай жүзеге асырылған. Атап айтар болсақ, наубайханалар, ағаш кесу цехтары, дәмханалар, балабақшалар, хоккей алаңдары, басқа да нысандар ашылған.

Есеп беру кездесуіне жиналған тұрғындар ауылдық округ әкіміне өздерінің көптен бергі көкейлерінде жүрген бірқатар мәселелерін айтты. Мәселен, су құбырын жөндеу, жолдардың сапасына назар аудару, оны қыс мезгілінде қардан тазалау, тұрмыстық қатты қалдықтардың ауыл ішіне шашылуына жол бермеу, балабақша ашу, тұрғын үй және ғаламтор жүйесіне кіруді толық қамтамасыз ету сұралды.  

Тұрғындардың сауалдары елеусіз қалмай, әрбіріне жеке жауап берілді. Жиынға қатысқан аудан басшысы Ағзам Тастеміров ауылдық округ әкімінің есепті кезеңде атқарған жұмыстарын саралап, 2015 жылы ауыл өмірінде елеулі өзгерістер болғанын атап көрсетті, алда тұрған міндеттерге тоқталды.

Мақпал ӘЛМАҒАНБЕТОВА.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp