«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.01.2016

БІЗДІ ДЕ ОЙЛАСА …

Мен Петропавл қаласында тұрамын. Зейнетке шыққаннан бері қолым босап, теледидар қарауға, газет-журнал оқуға көбірек уақыт бөлетін болдым. Елімізде, облысымызда болып жатқан өзгерістерге назар аударып, күнделікті жаңалықтарға құлақ түріп отырамын. Өзім де көп жылдар бойы экономика саласында қызмет еттім. Сол себепті елімізді экономикалық қиындықтар қандай тығырыққа тіреп отырғанын жақсы түсінемін. Тек табан ақы, маңдай термен адал …

БІЗДІ ДЕ ОЙЛАСА … Read More »

ҰСТАЗ ӘРІ СУРЕТШІ

Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогі Ыбырай Алтынсарин өз заманында: “Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені, мұғалім – мектептің жүрегі”, – деген болатын. Бүгінде шәкірттеріне берген сапалы білімімен ерекшеленетін мұғалімдер әр мектептен табылады. Айыртау ауданындағы Казанка орта мектебіндегі қазақ сыныптарына орыс тілі пәнінен сабақ беретін Гүлден Тушанованы сондай мұғалімдер қатарына жатқызуға болады.

ЖЫР АЛЫБЫНА АРНАЛДЫ

Петропавлдағы қазақ мектеп-гимназиясында ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған “Жыр алыбы – Жамбыл” атты әдеби шара өтті. Мұғалімдер мен оқушылар қатысқан жиынның мақсаты – өрендерді сөз өнерін қадірлеуге баулып, оларға ақынның өрлікке, ерлікке үндейтін шығармаларын кеңінен таныстыру, сондай-ақ, өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу болды.

КӨЛІК ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ КӨМЕГІ

Өткен жылы көлік прокуратурасының араласуымен осы саладағы 100-ге жуық жұмысшының 57 миллион теңгеден астам жалақы қарызы қайтарылыпты. Сонымен қатар, айыптаушы органның актісімен 102 тұлға жауапкершілікке тартылған. Прокурорлардың қадағалауымен экология қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 27 миллион теңге шығын мемлекет қазынасына қайтарылған екен. Бұл жөнінде облыстық көлік прокуроры Нұрболат Қатуов журналистердің қатысуымен өткен брифингте айтты. Әсіресе, жұмысшыларға …

КӨЛІК ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ КӨМЕГІ Read More »

ІСКЕРЛІК ЖАС ТАҢДАМАЙДЫ

Қазіргі таңда ауыл тұрғындары төрт түлікті табыс көзіне айналдыруға ерекше құлшыныс танытуда. Өйткені, табиғи өнімдерге сұраныс артуда. Аққайың ауданының тұрғыны Қанат Ешкеев те мал өсіруге ден қойып отыр.

ӘКІМ АРАЛАСТЫ, ІС ОҢҒА БАСТЫ

Өңір басшысы Ерік Сұлтанов облыс орталығынан шалғайда жатқан Уәлиханов ауданына келген бір сапарында Жасқайрат ауылына да соғып, тұрғындармен кездескен еді. Бүгінде сол жолы көтерілген мәселелердің аяқсыз қалмағанына көзіміз жетіп отыр. Атап айтқанда, өңір басшысының тапсырмасымен ауыл көшелеріне жарық тартылды. Биыл қайда болсын қар қалың түсті. Жылда оны тазартатын техника таба алмай, жол азабын тартушы едік. …

ӘКІМ АРАЛАСТЫ, ІС ОҢҒА БАСТЫ Read More »

КӨКЕЙДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айыртау ауданындағы Володар ауылдық округінің әкімі Ерлан Сәдуақасов тұрғындар алдында есеп берді. Оған Айыртау ауданының әкімі Ағзам Тастеміров қатысты. Ерлан Серікұлының айтуынша, есепті жыл ішінде ауылдық округ бойынша белгіленген негізгі шаралар ойдағыдай жүзеге асырылған. Атап айтар болсақ, наубайханалар, ағаш кесу цехтары, дәмханалар, балабақшалар, хоккей алаңдары, басқа да нысандар ашылған.

Тағайындау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы – Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы лауазымына Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев тағайындалды. Ғалым Сұлтанұлы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ 2016 жылғы 20 наурыз – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау

Құрметті сайлаушылар! Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады. 27 қаңтардан кешіктірмей, сайлау учаскелерінің шекаралары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Егер Сіз өзіңіздің тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болсаңыз, Сіз 18 ақпаннан кешіктірмей, уақытша болатын жеріңіздегі әкімдікке сайлау күні өзіңіз дауыс беретін сайлау учаскесінің …

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ 2016 жылғы 20 наурыз – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау Read More »