Облыстық полиция департаментінде көлікті есепке қою мен есептен шығару жұмыстарына әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихан алу бөлімінің қызметкерлері жауап береді. Өткен жылы облыс аумағында 28 мыңнан астам көлік тіркелген. Солтүстікқазақстандықтар таңдаған “темір тұлпарлардың” басым бөлігі бұрын қолданыста болған көліктер.
Алыс шетелдерден көбінесе “Volvo”, “MAN” және тағы да басқа жүк көліктері әкелінеді. Бір жыл ішінде тіркелген көліктердің 27439-ы – жеке тұлғалардың еншісінде. Есепті кезеңде 1143 көлік қайтадан тіркеуден өтті. Олардың 421-і Қазақстан Республикасында шығарылса, Кеден одағы елдерінен – 89, ТМД-ның басқа елдерінен – 572, алыс мемлекеттерден 61 көлік құралы жеткізілді.
Автокөліктер саны күн санап өсуде. Сондықтан жүргізушілердің көлік рөлінде отырғанда бір-біріне құрметпен қарап, жол қозғалысы ережесін қатаң сақтағаны жөн.
Сергей ГИЗБРЕХТ, облыстық полиция департаменті тіркеу-емтихан алу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі.