«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨППӘТЕРЛІ ҮЙЛЕР – АУЫЛ КӨРКІ

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда көппәтерлі 111 тұрғын үй бар, оның 85-і Новоишимка ауылында. Олардың жалпы аумағы – 256 800 шаршы метр, пәтерлер саны – 2100.

Аудандағы тұрғын үй қоры 1970-1980 жылдары қалыптасқандықтан, біразы тозған.

ТКШ-ны жаңғырту” бағдарламасын жүзеге асыру үшін ауданда кондоминиумның 13 нысаны құрылып, тіркеуден өтті. Оған 18 көппәтерлі тұрғын үй, 2241 тұрғыны бар 747 пәтер кіреді.

Өткен кезеңде бағдарлама аясында жалпы сомасы 56 873,8 мың теңгеге 4 көппәтерлі тұрғын үй жөнделді. Атап айтқанда, “ПМК-5” ЖШС Е.Әуелбеков,16 мекенжайындағы 8 пәтерлік тұрғын үйдің шатырын, кіреберіс есігін, электрмен жабдықтау кабельдерін күрделі жөндеуден өткізді, Ленин көшесіндегі 4-үйдің шатырын, ғимараттың қасбетін қалпына келтірді, подъездердегі есік-терезелерді ауыстырды, электр құрастыру жұмыстарын атқарды.

Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 5 қарашадағы сессиясында үйлерді жөндеуге 22 675 мың теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінді. Соның нәтижесінде Станционный көшесіндегі үй (8 пәтерлік), Ленин көшесіндегі 5 үй (60 пәтерлік) күрделі жөндеуден өтті. Бұл жұмыстарды “Солтүстік-Құрылыс”, “Көкше-Артель” ЖШС-лері жүзеге асырды.

ТКШ-ны жаңғырту” бағдарламасына қатысу үшін үстіміздегі жылы үш нысанның құжаты әзірленді. Биылғы мамыр айында Абылай хан, 16 және Ворошилов,3 мекенжайындағы үйлерге дайындалған жобалық-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамаға тапсырылды.

Александр ГУСАКОВ,

аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp