«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КӨШПЕНДІЛЕРІМЕН” ТАМСАНДЫРҒАН ТАЛАНТ

Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл №2 орта мектебінде белгілі жазушы, қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған бірегей тұлға Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына орай әдеби-ғылыми конференция өтіп, шараға ұстаздар және оқушылар қатысты. Конференцияның мақсаты – жазушының әдеби мұрасымен таныстыру, оның шығармаларын насихаттау, жас ұрпақты әдебиет әлемінің рухани мол қазынасынан нәр алуға баулу.

Аталмыш мектептің кітапханашысы Сәуле Қойбағарова “Қазақ мемлекеттілігінің шежіресі” деген тақырыпта баяндама жасап, жазушының “Көшпенділер” трилогиясы, оның жазылу тарихы жайлы сөз сабақтады.

Көркем әдебиеттің кемелденуіне үлес қосқан көрнекті қаламгерлердің көбі алғашқы ізденістерін өлеңге әуестенуден бастайтыны белгілі. Бұл – Ілияс Есенберлиннің де бойынан табылған қасиет. Оның ақындық мұрасы, шығармашылық мұрасы туралы мектебіміздің жас мұғалімдері Айым Оспанова мен Анар Таттығожина баяндады.

Содан кейін қатысушылардың назарына республикалық “Бір ел – бір кітап” акциясы аясында түсірілген бейнеролик және мектебіміздің өнерпаз оқушылары дайындаған сахналық қойылым ұсынылды.

Шара соңында жас айтыскерлер жыр сайысына түсіп, жазушының сан қырын өлеңдерінің арқауына айналдырды.

Аслан ОХАПОВ,

Кішкенекөл №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp