Халыққа көші-қон саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында Петропавлда көші-қонның арнайы кеңсесін ашу көзделіп отыр.
Ол үшін көпқабатты үйдің бірінші қабатынан арнайы орын бөлініп, қазір дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көші-қон қызметі азаматтарға 17 түрлі қызмет көрсетеді, жаңа кеңседе келушілерге қолайлы жағдайлар жасалып, электронды кезек жүйесі енгізіледі. Жаңа кеңсе желтоқсан айында пайдалануға берілмекші.