«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨҢІЛГЕ ҚОНЫМДЫ БАСТАМА

Жақында әлеуметтік желіден Парламент Мәжілісінің депутаты, жерлесіміз Кәрібай Мұсырманның “Құрметті азамат” атағын беруді доғарсақ қайтеді, деген жазбасын оқыдым.

 “Жер сатушы” атанған әкім де, парақорлығының исі мүң­кіп тұрғаны үшін қызметінен түсі­рілген судья да, тіпті, өңір басшы­сына “оңды” бата берген дарын­сыз журналист те, облыс әкіміне кан­дидаттық диссертация жазып бер­ген ғалым да “Құрметті аза­мат” атан­ғанын жұрт күлкі етіп айтып жүр”, – деп ашыныпты халық қалау­лысы. Шынымен де, осы құ­ны қал­маған атақты беруді тоқта­татын уақыт келген сияқты. “Оның орны­на бәленбай ауданның және бәлен­бай облыстың “Құрметті мецена­ты” немесе “Атымтай жомарты” де­ген жаңа атақ енгізсек қалай бола­ды? Мұндай атақты туған ауыл­­дарына миллиондаған тең­генің әлеу­меттік-мәдени ғимараттарын са­лып берген кәсіпкер аза­мат­тар­ға және басқа да байларға бер­сек… Бәлкім, сонда жергілікті бас­шыларға әркімді салып, атақ сұ­рау­шылық мүлдем тыйылар. Ал жаңа атақтың жөні бөлек қой. Даң­ғой ағайындарға атақ керек болса, атамекендеріне қол ұшын берсін” деген Кәрібай Иманжан­ұлының бастамасы көпшіліктің кө­кейіне қо­нымды. Мен Мағжан Жұмабаев ау­данындағы Ноғайбай ауылының азаматы Алтынбек Сапаровтың, Мамлют ауданындағы Меңгесер ауы­лына Еркебұлан Мәм­бетовтің, Аққайың ауданындағы Дайындық ауылына Біржан Шәймерденовтің жанашырлығын көріп, сүйсінемін.

Марат САҒИТҰЛЫ,
Жамбыл ауданының тұрғыны.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp