Өңірде «Бір күн қалада» жазғы жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл – ауылдық жерлерден келген балаларға демалысты қызықты өткізумен қатар, өздерінің таным көкжиегін кеңейтіп, денсаулықтарын нығайтып, туған өлкенің тарихы және мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
«Бір күн қалада» жобасы Мамлют және Қызылжар аудандарынан келген шамамен 90-ға жуық баланы біріктірді. Балалар мұражайларға, аттракциондар саябағына және кинотеатрға барды.
Аталған жоба тамыз айына дейін жалғасады. Облыстың әртүрлі аудандарынан келген оқушылар Петропавл қаласының көрікті жерлерін аралап, ұмытылмас әсер алады.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».