Ауыл тұрғындары алдындағы малымен күнін көріп отырғаны бәрімізге белгілі. Сондықтан малдан шығын шықса, көңіліміз жүдеп қалады. Үстіміздегі жылдың 29 қарашасында белгісіз біреулер қорамыздағы қойымызды түгелдей ұрлап әкетті. Лезде жергілікті полицияға арыз жаздық. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Жәнібек Байкишев бастаған шұғыл топ іздестіру шарасына кірісіп, бір жарым сағат ішінде малымызды тауып берді.
Өтінішімізге сергек қарап, жанашырлық танытқандары үшін аудандық полиция басшылығына, Жәнібек Байкишев бастаған шұғыл топ мүшелеріне отбасымның атынан зор алғыс білдіремін.
Өсер ҚУАНАЙ.
Талшық ауылы,
Ақжар ауданы.