Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Мамлют аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнің өкiмiмен Руслан Әкімжанұлы Аңбаев Мамлют ауданының әкімі болып тағайындалды.
Руслан Аңбаев 1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданына қарасты Целинное ауылында дүниеге келген.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн экономист-менеджер мамандығы бойынша тамамдаған, сонымен қатар заңгер және агроном мамандықтары бар.
Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданы бойынша салық комитетiнде аудит бөлiмiнiң аға салық инспекторы болып бастаған.
2002-2015 жылдар аралығында Есіл, Тайынша және Тимирязев аудандарындағы салық қызметі органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2015 жылдан осы тағайындауға дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.