
Қазақстанда тұрып жатқан Түркия елінің 29 жастағы азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін еліне қайтып орала алмаған. Көші-қон құжаттарын тиісті түрде ресімдемеген ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының мамандары азаматқа Отанына қайту үшін көмек көрсетті. Бұл факті шетелдік азаматтар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтап, оларға жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған “Заңсыз келуші – 2019” жедел алдын алу шарасы барысында анықталды.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері облыс орталығындағы базарлар мен сапаржайларды ғана емес, шетел азаматтары жұмыс істейтін құрылыс нысандарын мен шетелдік меймандар топтасып тұрып жатқан орындарды тексерді. Үш күнге созылған шараның қорытындысында шетел азаматтары, көбінесе, Қазақстан Республикасына келу, кіру және болу ережелерінің тәртібін бұзған. 258 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың үкімімен олардың 12-сі ел аумағынан шығарылды. 75 шетелдікке қатысты уақытша болу мерзімдерін қысқарту туралы шешім қабылданды.