
«МузАРТ» тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы қала әкімі «Instagram»-дағы парақшасында жариялады.
«Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штатан тыс кеңесшім етіп тағайындадым», — деді Бақытжан Сағынтаев. Бұл жөнінде әншінің өзі: «Қадірлі тілектес, рухтас бауырларым. Маған арналған ақ тілек пен ниеттеріңізге мың алғыс. Алматы — өнердің қайнаған ордасы. Күрмеуі қиын, күрделі мәселелері көп мәдениет саласында сіздер үшін еңбек етуге барымды саламын. Әр қадамыма сәттілік тілеген ағайынға рахметім шексіз» — деп, «Instagram» парақшасында пікір қалдырды.