«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мейірім шуағы

“АДОН-Север” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Қызылжар” мейрамханасында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңажылдық қайырымдылық шарасы өтті.

Денсаулығында кінәраты бар балаларды қолдауды, олардың өздерін қоғам­ның толық­қанды мү­шесі ретінде сезі­нулеріне жағдай туғызуды көздеген қайырымдылық шарасы осымен жетінші жыл қатарынан өткі­зілуде. Оған 120-ға жуық ере­сектер мен балалар қатысып, мейірім шуағына бөленді.

Жаңа жыл мерекесінің сиқырлығына сенетін балалар үшін бұл қуанышты күннің орны ерекше. Шараның ашылу салтанатында қоғамдық бірлестіктің төрайымы Елена Колмогорова балаларды Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Кеш барысында қонақтарға жаңажылдық қойылым көрсетіліп, ересектермен бірге балалар да бір адамдай қатысып, көңіл көтерді.

Сонымен қатар, кеш барысында әртүрлі ойындар ұйымдастырылып, әсем əннен шашу шашылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы ұйымдастырылған шара соңында балаларға сыйлықтар үлестірілді.

Айгүл ХАМЗИНА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp