«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕРЕЙЛІ ЖЫЛДЫҢ МАҢЫЗДЫ СЫЙЫ

Егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген өңір тәуелсіздік жылдарында елдің іргесін нығайтуға елеулі үлес қосты. Ортақ Отанымызды шексіз сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақсат тұтқан қоғам өкілдерімен кездескен облыс әкімі Ерік Сұлтанов оларға адал еңбектері үшін алғысын жеткізді.

– Бүгінгі таңда өңірімізде агроөнеркәсіп және индустриалдық кешендер, тұрғын үй құрылысы, кәсіпкерлік белсенді дамып, әлеуметтік сала жақсарып келеді. Осындай жетістікке жетуімізге сіздер зор үлес қостыңыздар. Тәуелсіз Қазақстанның ең басты жетістігі – ол қажырлы еңбегімен азат елдің іргесін қалаған адамдар, – деп атап өтті облыс әкімі.

Кездесу барысында еңбек ардагерлері, этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың бір топ өкілдері Елбасының Жарлығымен мемлекеттің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл” мерекелік медалімен марапатталды. Солардың бірі – “Кентрон” армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Геворг Геворкян мерейлі жылдың аясында “Солтүстік Қазақстан облысының армяндары” кітабын шығарғандарын тілге тиек етіп, бір данасын облыс әкіміне сыйға тартты.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp