Жаңа жыл қарсаңында облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Желтоқсан айының 29-30-ы күндері орталық алаңда “И певцы, и музыканты – новогодние таланты” музыкалық-ойын-сауық және “ДЕТскотека со сказочными героями“ балаларға арналған бағдарламалары ұсынылады.
С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында 20 желтоқсанда басталған балаларға арналған “Ханзада мен Мысық” атты ертеңгілік желтоқсанның 30-ына дейін жалғасса, облыстық қуыршақ және Н.Погодин атындағы орыс драма театрларында 30 желтоқсанға дейін күн сайын “Енот под названием Новый год” және “По щучьему велению” қойылымдары көрсетіледі. Ал 30 желтоқсанға дейін қалалық Мәдениет үйіне барғандар “Волшебное зеркало” қойылымын тамашалап, мерекелік би кешіне қатыса алады. “Green park” отбасылық демалыс орнында 29-30 желтоқсан күндері балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы әзірленген. “Жастар” сарайының сахнасында 31 желтоқсанға дейін балаларға арналған “Холодное сердце или как спасти Новый год” қойылымы көрсетіледі.
31 желтоқсан күні бас алаңда “Сәлем саған, Жаңа жыл!” концерттік бағдарламасы ұсынылып, мерекелік іс-шаралар отшашумен аяқталады.
“Қызылжар-Ақпарат”.