Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік жылдарында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен мемлекетті қалыптастыруда ауқымды істер атқарылды. Еліміз ұласқан әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму жолына түсті.
Қазақстанның осындай жетістіктерге қол жеткізуінде мемлекеттік қызметшілердің еңбегі аз емес. Сіздер өз міндеттеріңізді жоғари кәсіби деңгейде атқара отырып, демократиялық, әлеуметтік және құқықтық мемлекеттің қалыптасуына зор үлес қосудасыздар.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмысына оң баға бере отырып, Мемлекет басшысы өз Жарлығымен “Үздік мемлекеттік қызметші” ведомстволық марапатын және “Мемлекеттік қызметші күні” кәсіби мерекесін бекітті.
Халық пен билік арасындағы байланысты одан әрі нығайта отырып, патриотизм идеясын насихаттауда бұл мерекенің рөлі зор.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері өздерінің Отанына және Қазақстан халқына адал қызмет етеді және алдағы міндеттерді шешуде әрі “Қазақстан – 2050” Стратегиясының мақсаттарын жүзеге асыруда мүлтіксіз ұстанымды басшылыққа алады деп сенемін.
Құрметті әріптестер!
Сіздерге және жақындарыңызға осы мерекеге орай мықты денсаулық, шығармашылық табыс және амандық-саулық тілеймін.
Мұрат ҚАДЫРБЕК,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасы.