Қымбатты жерлестер!
Сіздерді Христос Рождествосымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жарқын мейрам ең жақсы адами қасиеттер – қайырымдылықты, жақыныңа жанашырлықты және кеңпейілділікті оята отырып, миллиондаған діншілдерді біріктіреді.
Басқа діндер секілді православие де бізді сенім, сүйіспеншілік және жақсылық іспетті баға жетпес құндылықтарды сақтауға үндейді. Ғасырлар бойы ол қоғамның адамгершілік негіздерін нығайтуға, қиын сынақтардан өтуге, біздің көпэтносты елімізде татулық пен келісімді сақтауға қызмет етті.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының арқасында елімізде 140-тан астам этнос пен 17 конфессия өкілдері достық және өзара түсіністік ахуалында өмір сүруде.
Халық бірлігі еліміздің орнықты дамуының, тұрақтылық пен конфессияаралық келісімнің кепіліне айналып отыр.
Бүгіндері мемлекетіміздің алдында маңызды міндеттер тұр, оларды рухани және адамгершілік құндылықтарға, барлық қазақстандықтардың топтасқандығына сүйенбей шешу мүмкін еместігі сөзсіз.
Осы мереке күндері барлық солтүстікқазақстандықтарға шын жүректен мықты денсаулық, құт-береке, бақыт, татулық және игілікті істерде табыс тілеймін!
Христос Рождествосы мейрамы әр шаңыраққа жылылық, қуаныш және өзара түсіністік әкелсін!
Ерік СҰЛТАНОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.