Мұрагерлік құқық мәселесінде мұрагерлік трансмиссия және табыс ету құқығы бойынша мұрагерлік сияқты ұғымдардың маңызы зор. Олардың айырмашылығын білу қажет-ақ. Мұрагерлік трансмиссия немесе мұраны қабылдау құқығына көшу ұғымы еліміздің Азаматтық кодексінің 1072-4-бабында көрсетілген. Егер мұрагер заңнамалық құжатта белгіленген мерзімде оны қабылдауға үлгермей қалса, онда оған тиесілі үлеске құқық оның мұрагерлеріне ауысады.
Қайтыс болған мұрагердің бұл құқығы оның мұрагерлері мұраны қабылдау үшін жалпы негізде қалған мерзімнің ішінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ егер қалған мерзімнің бөлігі үш айдан кем болса, ол осынша мерзімге тағы ұзартылады. Мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімнің өтуіне байланысты қайтыс болған азаматтың мұрагерлері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес сот осы мерзімнің дәлелдi себептер бойынша өткiзiлгенін анықтаса, мұраны қабылдады деп танылуы мүмкін. Егер де ол мұра ашылғаннан кейін қайтыс болса, бірақ қайтыс болғанға дейін мұраны қабылдап үлгерсе (арыз беру жолымен), онда осындай мұрагерлік мүлік оның жеке мұрагерлік мүлкіне қосылады және оның мұрагерлері жалпы негізде мұраға ие болады, осындай жағдайда егер оның мұра құрамына міндетті үлес енгізілсе, онда ол қайтыс болған мұрагердің мұрагерлік мүлкі болып саналады және оның мұрагерлеріне жалпы негізде өтеді, кері жағдайда міндетті үлес оның мұрагерлеріне өтпейді.
Мұрагерлік трансмиссияның негізгі принциптері мыналар:
1. Мұрагерлік трансмиссия ережелері мұрагердің заң бойынша, сонымен қатар өсиет бойынша да мұраға құқығы туындаған жағдайда қолданылады.
2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің негізінде мұрагердің мұрадағы үлесін қабылдау құқығы оның мұрагерлеріне мұрагерлік трансмиссия тәртібінде өтпейді.
3. Қайтыс болған мұрагер мұраны қабылдауға белгіленген мерзім өткенге дейін заңмен белгіленген, нотариусқа өтініш беру сияқты тәсілдердің бірімен де мұраны қабылдамаған жағдайда ғана трансмиссия тәртібінде мұраға ие болуға жол беріледі.
Табыс ету құқығы бойынша мұраға ие болу мұрагерлік мүлікке құқықты заңды мұрагердің өзі емес, оның ұрпақтары ресімдейді. Заңға сәйкес мұраның ашылуына дейін немесе мұра қалдырушымен бір уақытта қайтыс болған мұрагердің үлесі заң бойынша табыс ету құқығымен ұрпақтарына ауысады және олардың арасында тең бөлінеді. Алынатын мүліктің жалпы мөлшері заңды негізде тиесілі болған қайтыс болған мұрагердің үлесімен шектеледі. Егер қайтыс болған ата-ананың бір емес, бірнеше ұрпақтары болса, онда олардың әрқайсысы ата-анасының үлесінен бірдей бөлігін алады. Мұрагердің мұра ашылғанға дейін немесе мұра қалдырушымен бір мезгілде қайтыс болған, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1045-бабына сәйкес мұралану құқығы жоқ мұрагердің ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұраны иелене алмайды.
Табыс ету құқығы бойынша мұрагерлікке кімнің құқығы бар?
Табыс ету құқығы бойынша егер 1-ші, 2-ші, 3-ші кезектегі заңды мұрагер мұра қалдырушыдан ерте немесе бір уақытта қайтыс болған жағдайда мұра қалдырушының немерелері және олардың ұрпақтары, толыққанды және толыққанды емес ағайындылар мен апалы-сіңлілердің балалары (мұра қалдырушының жиендері), мұра қалдырушының немере ағайындары мен апалы-сіңлілері алады.
Ұрпақтар табыс ету құқығы бойынша мұрагерлікті жандандыру үшін олардың ата-аналары өз уақытында мұраға ие болу құқығына тартылуы қажет. Ұрпақтың мұрагерлік мүлікті алуының міндетті шарты – оның ата-анасының қайтыс болуы. Осылайша, егер ата-аналары мұрагер болып танылған, бірақ қайтыс болудан басқа қандай да бір себептермен өздерінің құқықтарын жүзеге асыра алмаса, онда табыс ету құқығы бойынша мұраны ресімдеу мүмкін емес.
Табыс ету құқығы бойынша мұрагерлік және мұрагерлік трансмиссия – бұлар мұра қалдырушыдан мұрагерге өтетін мүлік пен материалдық емес құндылықтар.
Біріншіден, трансмиссия негізгі мұра қалдырушының мүлкі ашылғаннан кейін трансмиттент қайтыс болған жағдайда ғана әрекет етуді бастайды, ал табыс ету құқығы бойынша мұрагерлік егер заң бойынша мүлікті алуға тартылған адам мұра ашылғанға дейін қайтыс болған жағдайда мүмкін болады (яғни, мұра қалдырушының қайтыс болғанына дейін немесе онымен бір мезгілде). Сонымен бірге мұрагердің үлесі заң бойынша кезектілігіне сәйкес белгіленген тұлғаларға өтеді.
Екіншіден, мұрагерлік трансмиссия қайтыс болғанның мүлкін алу құқығын ұсынудан басқа мұраны қабылдау тәртібін реттейді. Табыс ету құқығы заңмен белгіленген нақты тұлғалардың субъективті артықшылығы бола тұра оны жасамайды. Аталған тетікті жүзеге асыру кезінде әдеттегідей мұрагерлік кезіндегідей стандартты кесте сақталады.
Үшіншіден, трансмитенттен трансмиссарға құқықтың ауысуы трансмиссия тәртібінде жүргізіледі. Табыс ету бойынша мұрагерлік кезінде мүлік ашылғанға дейін қайтыс болған мұрагер мен оның балалары мен ұрпақтары арасында құқықтық мирасқорлық жоқ.
Елена ҚАСЕИНОВА,
облыстық нотариустар орталығының жеке нотариусы.