«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰРАЖАЙДАҒЫ САБАҚ

 

“Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай “Менің елім, менің Қазақстаным!” атты қалалық классикалық гимназиясының оқушыларына мұражай сабағы өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты, оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету және де оларды патриоттық рухта тәрбиелеу болды. Мұражай сабағы барысында оқушылар Қазақстан Республикасының 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерімен және тарихымен танысты, онлайн жүйесі арқылы “Менің ойыным” атты зияткерлік компьютерлік ойын жүргізіліп, мұражай кешенінің залдарына шолу жасалды.

Әсемгүл ҚЫДБЕКОВА,

“Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінің экскурсиялық-көпшілік

жұмыстар бөлімінің меңгерушісі.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp