Қазақстан полициясының 25-жылдығына орай Петропавл ішкі істер басқармасының ғимараты жанында қызмет бабында қаза болған полицейлерге арналған ескерткіш орнатылып, 25 шырша отырғызылды.
Бұл күні мұнда қалалық ішкі істер органдарының шежіресінен сыр шертетін 200-дей жәдігер жинақталған мұражай да ашылды.