«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НАГРАДАЛАРЫҢЫЗБЕН, ЖЕРЛЕСТЕР!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ солтүстікқазақстандық мемлекеттік наградалармен марапатталды:

“Парасат” орденімен

Исламов Кинталь Кинтальевич – “Атамекен-Агро” АҚ-ы басқармасының төрағасы.

Шәймерденов Біржан Әбділманұлы – “Дайындық” ЖШС-нің директоры, Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданы.

“Құрмет” орденімен

Жалғасбаев Біржан Нұрмаханұлы – “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры” КМҚ-ның директоры, Петропавл қаласы.

Телюк Михаил Петрович – “Кардиологиялық орталық” КМК-ы интенсивті терапия блогының меңгерушісі, Петропавл қаласы.

Хамзин Қайырбек Сәдуақасұлы – “Анар” шаруа қожалығының басшысы, Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданы.

Хованский Николай Петрович – “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің “Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернат” КММ-нің директоры.

ІІІ дәрежелі “Еңбек Даңқы” орденімен

Баёв Сергей Николаевич – “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ-ның токарі.

Иманқұлов Қанат Мұхаметқалиұлы – “Агрофирма Қызылту-НАН” ЖШС-нің механизаторы, Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы.

Нұрманов Санат Қамбарұлы – “Бабық-Бұрлық фирмасы” ЖСШ-нің механизаторы, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы.

“Ерен еңбегі үшін” медалімен

Әмрин Өмірсерік Балтабайұлы – Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын аудандық мәслихатының хатшысы.

Бәшіров Жүсіп Қабдууәхитұлы – “Ақ ниет” облыстық қоғамдық қорының төрағасы, Петропавл қаласы.

Горлов Николай Иванович – “Солтүстік Қазақстан таратушы электр желілік компаниясы” АҚ-ы қалалық электр желілері басқармасының аға диспетчері.

Жақиянов Жанат Ескендірұлы – Кәсіби бокстан әлемнің эксчемпионы (WBA супер версиясы бойынша).

Затынайченко Александр Николаевич – “ЗИКСТО” АҚ-ның электр дәнекерлеушісі, Петропавл қаласы.

Луценко Алексей Александрович – “Жоғары спорт шеберлігі мектебі” КММ-нің спортшысы, Петропавл қаласы.

Омаров Қайрат Қайроллаұлы – “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы” КММ-нің басшысы.

Оралұлы Сермұхамет – “Ахмутдинов” ЖК-нің басшысы, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы.

Сәдуақасов Қабиден Қайырбекұлы – “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы” КММ-нің басшысы.

Сейітмағанбетов Берік Дүйсенұлы – “Астық қоймалары” ЖШС-і өкілеттігінің директоры, Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Сердюк Любовь Владимировна – Имантау ауылдық округінің әкімі, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы.

Яковенко Сергей Иванович – “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы” КММ-нің басшысы.

Симонов Сергей Трифонович – “Шатило және К” ЖШС-нің бас агрономы, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы.

“Шапағат” медалімен

Васькова Инна Александров на – “Явленка орталық аудандық ауруханасы” КМК-ның учаскелік дәрігері, Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы.

Сәтімова Баян Қайыргелдіқызы – “Кішкенекөл орта мектебі” ММ-нің мұғалімі, Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы.

“Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрмет атағымен

Есләмова Самал Ілиясқызы – киноактриса.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен

Айтбаев Болатбек Қабыланбекұлы – “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ-ы филиалының директоры, Солтүстік Қазақстан облысы.

Ахметжанов Кенжеболат Қасымұлы – Көкалажар ауылдық округінің әкімі, Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Войцеховский Александр Бернадьевич – “Апаттық қызмет” ӨК-ның бас инженері, Петропавл қаласы.

Грибашева Ольга Владимировна – “Үлгілі” ЖШС-і мал шаруашылығы кешенінің сауыншысы, Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы.

Қабдырахманов Диаз Тәжиденұлы – “Кусумус” ШҚ-ның механизаторы, Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы.

Қасенов Қайырбек Нұрман ұлы – “Мамлют орман шаруашылығы” КММ-нің директоры, Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы.

Қасымғожин Арман Оразкенұлы – жеке кәсіпкер, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы.

Қожахметов Тимур Боданұлы – “Якорь құс фабрикасы” ЖШС-і бақылау кеңесінің төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы.

Красовский Николай Степанович – “Астық-STEM” ЖШС-нің механизаторы, Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы.

Мұғалімова Гүлсін Ермекқызы – “Аралағаш ауылдық округі әкімінің аппараты” КММ-нің бас маманы, Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданы.

Нұртазин Болат Нұрахметұлы – “Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебі” ММ-нің мұғалімі, Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы.

Оспанов Кемел Қарашаұлы – “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқарма” КММ-нің басшысы.

Сальникова Евгения Сергеевна – “Петропавл қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі” КММ-нің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp