«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.12.2018

Бизнеске арналған коммуникация орталығы: компьютер, қалалық және ұялы телефонға арналған бірыңғай арна

«Кселл» компаниясы корпоративтік клиенттерге арнап телефонды, компьютерді және ұялы телефонды бірыңғай телефон желісіне біріктіретін классикалық АТС функциясы бар Виртуалды АТС қызметін іске қосты. Бұл жағдайда бірнеше қызметкер бір мезгілде қоңырау шалып және қабылдай алады.

ÓRKENIET ÓRISI

Oqýshylar saraıynda ótken “Latyn álіpbıі: ýaqyt talaby jáne órkenıet órіsі” respýblıkalyq semınarynda latyn álіpbıіne kóshý barysy talqylandy.

АЛТЫ АУЫЛДЫ ҚАУІПТЕН ҚОРҒАЙДЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Мамлют ауданының Новомихайловка ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. “Новомихайловское – 2003” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасында салынған нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің міндетін атқарушы Рустам Ғаббасов қатысты. Ол жиналғандарды Тәуелсіздік мерекесімен және бекеттің ашылуымен құттықтап, серіктестікке өрт-техникалық құралдарын табыстады.

ҰМЫТЫЛМАС ҰСТАЗДАР БАР ӨМІРДЕ

Қазақстанда білім беру жүйесінің негізін қалаушылардың бірі, ұстаз, марқұм Мұсахан Қанапияновтың өмірі мен қызметінен сыр шертетін “Ұстаз” кітабы жарық көрді. С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада туындының тұсаукесері өтіп, оқырмандарға таныстырылды.

ФАРХАТ – “ДАРЫН” СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Қазақ елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында жыл сайын ел дамуына өздерінің қажыр-қайраттарымен, білім-біліктерімен, өнерлерімен айтарлықтай еңбек сіңіріп жүрген түрлі саланың майталмандарына мемлекет тарапынан сый-құрмет көрсетіледі. Мұндай ілтипаттан жастар да құр қалған емес.

ҰЛТТЫҢ ҮНІ

“Газет-журнал оқысаң, көзіңді қазақ ашасың, Дүние халін білмесең, ілгері қалай басасың? Білгіштердің соңынан шұбырып біз де ерелік, Газеттің сөзі – ертегі, ерігіп жазған демелік”– деп өз заманында алаш арыстарының бірі Міржақып Дулатов халыққа асыл сөзін арнаған екен.

ТАУ АЛЫСТАҒАН САЙЫН БИІКТЕЙДІ

Бүгінгі күні өңіріміздегі ірі ғылыми-мәдени орталыққа айналып отырған М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дамуы мен қалыптасуына, бүгінгідей биік дәрежеге көтерілуіне талай ғалымдар айшықты еңбек сіңірді. Солардың бірі – Қанаш Шәкенов.

ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

Назарларыңызға жуырда Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық гимназия-интернатта өткен “Тәуелсіздік – тұғырым” атты жас ақындар мүшәйрасында жүзден жүйрік танылған өрендер мен Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының егемендік, ел мен жер тақырыбындағы топтама өлеңін ұсынып отырмыз.

МЕРЕЙЛІ БЕЛЕС

Биыл Астанада “Нұр Отан” партиясы бастауыш ұйымдарының алғаш рет ұйымдастырылған республикалық форумына делегат ретінде қатысқанымды өмірімдегі үлкен белестің бірі деп санаймын. Тұңғыш Президент, “Нұр Отан” партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев форумға қатысушыларға өзінің құттықтау сөзін жолдап, партияның 20 жылдық мерейлі белесіне орай өткізіліп отырған бастауыш партия ұйымдары бірінші форумының ашылуымен құттықтады.

АЗАМАТ АСУЫ

Алаштың небір ардақты перзенттерінің іздері сайрап жатқан облыстық “Soltústіk Qazaqstan” газетіне аптасына, айына бір рет бас сұқпаса “ішкен асы бойына тарамайтын” азаматтар арамызда аз емес. Олар туралы айтқанда аузымызға алдымен ардагер-ұстаз Серік Уәлиев түседі. Ол, әсіресе, газетімізге жазылу баяу жүріп жатқан дәл қазіргідей кезде қарашаңыраққа жиі ат басын бұрып, езуге күлкі үйіретін қызықты әңгімелерімен бөлісуді …

АЗАМАТ АСУЫ Read More »

ШЫНАЙЫ СҮЙІСПЕНШІЛІК

Кабинетке асығыс басып кіріп келсем, конкурсқа қатысатын мұғалімдер жиналып қалыпты. Басымды изеп амандасып, қазылар алқасының қатарына барып жайғастым. Қолдарындағы қағаздарына үңілген ұстаздардың арасында шашы сары, көзі көкшіл, талдырмаш жас қыз көзіме жылы ұшырай кетті.

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ ЖАН

Атақты режиссёр Шәкен Аймановтың “Біздің сүйікті дәрігер” фильмін тамашаламаған адам жоқ шығар, сірә. Қаншама жас ұрпақ доктор Лавровтың бейнесіне еліктеп өсті. Ал үлкендердің “Бұл дүниеде адам емдеуден артық бақыт бар ма?” деген сөзі бала қиялымызды, тіпті, қанаттандыра түсетін. Бірақ мамандық таңдауға келгенде дәрігер болуға жүрегіміз дауаламады. Өлім мен өмір аузында арпалысқан жанға көмек беру шынымен …

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ ЖАН Read More »

ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДА

Егемендігіміздің жемісінің бірі – көркіне көз тоймайтын елордамыз Астана. Биыл ел болып, Есілдің бойында бой көтерген еңсесі биік елордамыздың жиырма жылдығын атап өттік. Осы атаулы күнге орай бірқатар азаматтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен “Астана – 20 жыл” мерейтойлық медалімен марапатталған болатын. Солардың қатарынан табылғаным – мен үшін үлкен мақтаныш.

АЛАШ АРЫСЫНЫҢ АРМАНЫ

Туған елінің азаттығын аңсап өткен арыстарымыздың бірі – Міржақып Дулатов. “Оян, қазақ!” деп жырлаған ол патша өкіметінің отаршылдық саясатын сынап, халықты бостандық үшін күресуге шақырды. Қазақ жастарына білім алып, надандықтан арылу қажеттігін айтудан жалықпады. 1909 жылы Уфа қаласындағы “Шарық” баспасынан оның “Оян, қазақ!” деген кітабы жарық көрді.

ЖЕЛТОҚСАН ЕСТЕН КЕТПЕЙДІ

Отыз жылдан астам уақыт өтсе де Желтоқсан оқиғасының ызғары естен кетпейді, сол кездегі қазақ жастарының ерлігі замана көші алға жылжыса да ұмытылмақ емес. Алматының Орталық алаңын бір күнде қызыл қанға бояған оқиға коммунистік партияның өрескел озбырлығы, өктем саясаты еді. Олар қазақтар айтқаннан шықпайтын, айдағанға көне беретін, жуас, жігерсіз халық деп ойласа керек.

ЖЕТІСТІКТЕР ЖОЛЫ

Барша қазақстандықтар сияқты мен үшін де егемендіктің мән-маңызы ерекше. Бүгінгі таңда қол жеткізген жетістіктерімнің барлығын мен тек тәуелсіздіктің арқасы деп білемін. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары еңбек жолымды кеңшарда қатардағы жұмысшыдан бастап, шаруашылық директорына дейін өстім. Өмірімнің қырық жылын ауыл шаруашылығы саласына арнаған екенмін. Ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктеріміз де бар.

ШЕКАРАСЫ БЕКЕМ, ІРГЕСІ БҮТІН

Тəуелсіз мемлекеттің басты нышандарының бірі – оның шекарасы. Егемендік жылдары еліміздің шекарасы шегенделді. Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 2032 әскери бөлімінің штаб бастығы, подполковник Талғат Нұрқасымовты əңгімеге тартқан едік.

ҰЛЫ ДӘУІР ҰЛАҒАТЫ

Жергілікті кітапханалардың бірін аралап жүріп, мұқабасы қалың әрі жылтыр қағазбен қапталған кітап көзіме оттай басылды. Қорғасындай салмақты кітапта оймақтай ойдың жасырынып жатқанын сезіп, қолыма ала бергенім сол еді, оның “Тәуелсіздік дәуірі” деген атауы бүкіл ой-қиялымды, көңілімді өзіне бұрып әкетті. Әлі сиясы кебе қоймаған туындының авторы – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Екі күн бойы құс жастығымда …

ҰЛЫ ДӘУІР ҰЛАҒАТЫ Read More »