«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ФИЛИАЛ

Өз жұмысын 2003 жылдың 1 сәуірінде бастаған республикалық фитосанитариялық болжамдар және диагностикалық әдістемелік орталығының аудандық филиалы, негізінен, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға қызмет көрсетеді, 2006 жылға дейін ол Айыртау ауданын да қамтыды.

Бұл мекеме жұмысының ең негізгі мақсаты – карантин нысандарына зиянды және аса қауіпті өсімдік ағзаларының таралуы және дамуы жайында мониторинг жасау. Жалпы карантин нысандарына мониторинг жүргізу 2010 жылдан бастап жүзеге асырыла бастады.

Мекеме құрылғаннан бастап орталықты Лейла Әбдірахманова басқарып келеді. Ал агроном-энтомотолог Ж.Есентеміров пен фитопатолог Д. Сидоренко содан бері үздіксіз қызмет атқаруда. Әр жылдарда орталық қызметкерлері өзгеріп жатса да, осы есімдері аталған мамандардың мекеме тарихында алар орындары ерекше.

Көп жылғы еңбектерінің нәтижелері үшін жылда алғыс хаттар мен мадақтамаларға ие болып жүрген мекеме биыл да құрметтен құр қалмады. Лейла Еркінқызы 2009 жылы ІІІ дәрежелі “Еңбек даңқы” төсбелгісін алса, 11 қарашада ауыл шаруашылығының өркендеуіне қосқан үлесі және өсімдік қорғау саласындағы жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін өсімдік қорғау саласының үздігі атанып, ІІ дәрежелі “Еңбек даңқы” төсбелгісімен марапатталды. Марапаттар осымен аяқталмай, сонау Астана қаласынан орталыққа “Нива” қызмет көлігі сыйға тартылды. Сондай-ақ, 13 қараша күні Петропавл қаласында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шарада “2015 жылдың ең үздік аудандық филиалы” атты облыстық байқауда 1-ші орынға ие болған Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық филиалдың ұжымына тиісті диплом табыс етілді.

Гүлбаршын САТУБАЛДИНА,

журналист.

 Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp