«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 30.11.2015

АЛТЫ ҰПАЙДЫ ОЛЖАЛАДЫ

“Құлагер” 25-26 қараша күндері өткізілген екі кездесуде алты ұпайды олжалады. Соның нәтижесінде турнир кестесінде, бір саты болса да жоғарылап, рудныйлық “Горняктың” алдына шықты. Қызылжарлықтардың аталған ойындардағы қарсыласы “Астана” – “Барыстың” қосалқы командасы. Ойыншыларының бәрі – қазақстандықтар, оның үстіне кілең жастар, тіпті, жасөспірімдер десе де болады. Ең ересектері – жиырмада. Соған қарамастан, олар екі ойында да …

АЛТЫ ҰПАЙДЫ ОЛЖАЛАДЫ Read More »

БАР МЕЙІРІМ – БАЛАЛАРҒА!

Петропавлдағы жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында дәстүрлі “Ризашылық” қайырымдылық мерекесі өтті. Аталмыш шараға қала әкімінің орынбасары Елена Балло қатысты. “Бөбек” қорының төрайымы Сара Назарбаеваның бастамасымен қолға алынған ризашылық мейрамы аясында Балалар үйінің тәрбиеленушілері бірінші қабатта шығармашылық көрме ұйымдастырды. Бұл күні жеткіншектерге арнайы қонаққа келген туған-туысқандары мен демеушілер “Қазақстан балалары – нұрлы …

БАР МЕЙІРІМ – БАЛАЛАРҒА! Read More »

ЖЕҢІМПАЗДАРҒА СЫЙЛЫҚТАР ТАПСЫРЫЛДЫ

Үстіміздегі жылдың наурыз айында “Нұр Отан” партиясының бастамасымен “Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел” жобасы қолға алынған болатын. Осының аясында оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жөніндегі білімдерін тексеретін республикалық олимпиада ұйымдастырылған еді. Еліміздің жеті мыңнан астам оқушысы қатысқан олимпиаданың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды. Топ жарғандардың арасында солтүстікқазақстандық оқушылар да бар. Мәселен, үш оқушы бөліскен бірінші орынның …

ЖЕҢІМПАЗДАРҒА СЫЙЛЫҚТАР ТАПСЫРЫЛДЫ Read More »

ЖЫРЛАРЫ ЕЛ ЖАДЫНДА

Небір ел бастаған көсемдерді, от ауызды, орақ тілді шешендерді, ардақты ақындарды, баһадүр батырларды өмірге әкелген қасиетті Қызылжар топырағынан ақсұңқар құстай түлеп, қарымды қалам иесіне айналғандардың бірі ақын, журналист, аудармашы, публицист Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жарасбай Нұрқан еді. Оның мөлдір шықтай таза әрі жеңіл оқылатын жырлары, тылсым табиғат сыйлаған ақындыққа деген кіршіксіз махаббаты, қарапайым, ақжарқын мінезімен …

ЖЫРЛАРЫ ЕЛ ЖАДЫНДА Read More »

ТАНЫМ ОРДАСЫ

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қайта жаңартылғанына 10 жыл толуына орай мәдениет саласының қызметкерлері бас қосқан жиын өтті. Мұражайдың ғасырға таяу тарихындағы бір көлеңкелі кезең тоқырау жылдарында өңіріміз бен еліміздің өміріндегі алатын орны өлшеусіз осы мекеннің заман қиындығына шыдай алмай, аумағының саудагерлер мен кәсіпкерлердің қолында кетуі еді.

ЖЫР ӘЛЕМІНІҢ ЖЕЗКИІГІ — ЖАДЫМЫЗДА

Бұрнағы күні өңірімізде “Кәкімбек Салықов – қазақ поэзиясының жезкиігі” атты ғылыми-практикалық конференция өтіп, соның аясында облыс әкімі Ерік Сұлтанов осыдан екі жыл бұрын өмірден озған ақынның отбасымен, қатарластары, аға тұтқан інілері – ақын-жазушылар, өнер қайраткерлерімен кездесті. “Жазудан қолы босамайтын қазақпын” деп, өмірінің соңына дейін қаламын серік еткен жерлес ақынды елі халықтың қамқоршысы ретінде қабылдайтындығын атап …

ЖЫР ӘЛЕМІНІҢ ЖЕЗКИІГІ — ЖАДЫМЫЗДА Read More »

МӘРТЕБЕСІ БИІК МЕШІТ

Осыдан он жыл бұрын өңіріміздің исі мұсылман жамағатының төбесі көкке бір елі жетпей қалды. Өйткені, облыс орталығының қақ ортасынан сәні мен салтанаты жарасқан, заманауи үлгідегі “Қызылжар” орталық мешітінің құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне берілген еді. Мерейтойға арналған салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова, мешіттің ашылуына еңбек сіңірген зиялы қауым өкілдері қатысты. Алдымен аруақтарға Құран бағышталды. …

МӘРТЕБЕСІ БИІК МЕШІТ Read More »

ОБЛЫСТАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ФИЛИАЛ

Өз жұмысын 2003 жылдың 1 сәуірінде бастаған республикалық фитосанитариялық болжамдар және диагностикалық әдістемелік орталығының аудандық филиалы, негізінен, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға қызмет көрсетеді, 2006 жылға дейін ол Айыртау ауданын да қамтыды.

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Сәрсенбі күні кешке қарай облыс әкімі Ерік Сұлтанов пен “Волковгеология” АҚ басқармасының төрағасы Болат Ужкенов “Поиск” венчурлық компаниясы” және “Көпбейінді жабдықтар зауыты” ЖШС-лерінде болып, сапар соңында өзара ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

АЙТЫЛҒАН ӨТІНІШТЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Бұл жолы “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ерік Сұлтановтың қабылдауына бірнеше азамат келді. Солардың бірі – С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 11-сынып оқушысы Мейірболат Андағұлов. Ол “Өңірде туризмді дамытуға арналған Солтүстік Қазақстан облысының электрондық картасы” ғылыми жобасын таныстырды. Алдағы уақытта жастар арасында патриоттық рухты көтеруге және қатарластарының өз өлкесін жақсырақ тануына …

АЙТЫЛҒАН ӨТІНІШТЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ Read More »