Солтүстік Қазақстан облыстық сотында өткен жалпы жиында облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының жаңадан тағайындалған төрағасы мен аудандық және оларға теңестірілген соттарға жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 17 маусымындағы Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрын Павлодар қаласының №2 сотының төрағасы қызметін атқарған.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған Жарлықпен Динара Маратқызы Дайырова Қызылжар аудандық сотының судьясы, Дастан Нұртайұлы Ысмаилов қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы, Айгүл Қазыханқызы Досаева, Әсел Тоқтасынқызы Есләмова мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьялары, Қайрат Кемалұлы Смағұлов Петропавл қаласының №2 сотының судьясы, Гүлжанат Жолаушықызы Балғабекова Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық соттың судьясы болып тағайындалды.
Жаңадан тағайындалған судьялар өз міндеттерін тек Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын ғана негізге ала отырып, адал және қалтқысыз орындауға, әділ және бейтарап болуға ант берді.
Облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай судьяларға сот әдебі кодексін тапсыра отырып, оларды осы мәртебесімен құттықтады және судья лауазымындағы қызметтеріне сәттілік, борышына адал болып, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау жолында сот төрелігін әділ іске асыруды, Қазақстан Республикасының Судьялар одағының лайықты мүшелері болуды тіледі.
Бұған дейін қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болған Ербол Мұхажанұлы Рахымбеков Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы болып тағайындалды.
Динара ТӨЛЕГІТОВА,
облыстық соттың баспасөз хатшысы.