2014 жылғы 1 мамырға облысымыздағы халық саны 574,8 мың адамды құрады. Бұл – Қазақстан Республикасы халқының 3,3 пайызы. 241,7 мың адам (42%) қалалық жерде, 333,1 мың адам (58%) ауылдық жерде тұрады.
2014 жылғы қаңтар-сәуірде жаңа туған 2684 сәби тіркелді. Бұл – 2013 жылдың сәйкес кезеңінен 1,9% төмен. 2360 өлім (10,8% төмен), 1132 некелесу және 680 ажырасу тіркелді. 2014 жылғы қаңтар-сәуірде халықтың табиғи өсімі 324 адамды құрады (өткен жылғы сәйкес кезеңде 91 адам).
2014 жылғы қаңтар-сәуірде қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарсыз) 73264 теңгені құрады, 2013 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда өсім 5,8%-ды құрады.
Нарықтық валюта айырбастау бағамы бойынша орташа айлық жалақы 2014 жылғы қаңтар-сәуірде 423 АҚШ долларын немесе 237,8 еуроны құрады.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 2014 жылғы қаңтар-сәуірде 2013 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 21,3%-ға, көлік және қоймалауда – 11,8%-ға, өнеркәсіпте – 11,8%-ға, құрылыста 10,1%-ға өсті.
Ең жоғары орташа айлық жалақы қаржылық және сақтандыру қызметі кәсіпорындарында – 116726 теңге, көлік және қоймалауда – 113711 теңге, ақпарат және байланыс кәсіпорындарында – 106986 теңге.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 2014 жылғы мамыр айының соңына 1821 адамды құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,5 пайыз. Үстіміздегі жылғы қаңтар-мамырда 4272 адам еңбекпен қамтылды, ол өтініш білдіргендердің 68,8 пайызы.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 2014 жылғы мамырда 17027 теңгені құрады және 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 7,8 пайызға өсті. Азық-түлік қоржынының құны 10216 теңге болды.
Тұтыну бағаларының индексі 2014 жылғы мамырда 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,5 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар – 5,2%, азық-түлік емес тауарларға – 5,7%, ақылы қызметтерге 2,5%-ға өсті.
2014 жылғы мамырда бағаның сүт өнімдеріне – 0,1%, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне – 0,7%, балық және теңіз өнімдеріне – 0,8%, ет және ет өнімдеріне – 0,9%, нан-тоқаш өнімдері мен жармаларға – 1,3%, алкогольсіз сусындарға – 1,5%, қант және кондитер өнімдеріне – 1,9%, жеміс және көкөністерге 4,6%-ға өсуі белгіленген.
Жұмыртқа 9,9 пайызға арзандады. Темір жол көлігімен жол жүру құны да 3,7 пайыз арзандады.
Облыстық Статистика департаменті.