Жерлес кекушинкай каратэшілер Ресейдің Барнауыл қаласында өткен “Еуразия кубогынан” жеңіспен оралды. Байрақты бәсекеге 600-ге жуық каратэші қатысқан.
Мықтылардың арасында солтүстікқазақстандық спортшылар 5 алтын, 3 күміс, 3 қола еншіледі. Сондай-ақ, жерлестеріміз жалпыкомандалық бірінші орынға қол жеткізді.
Енді жерлестеріміз мамыр айында өтетін Қазақстан біріншілігінде бақ сынамақ. Онда үздік нәтиже көрсеткендер ел намысын әлем біріншілігінде қорғайтын болады.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.