«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОНЛАЙН ФОРМАТ ОҢТАЙЛЫ

Халыққа қызмет көрсету орта­лығы жұмысының 80 пайызы он­лайн форматқа ауысты. Бұдан бы­лай тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 600-ден астамына электронды пор­тал арқылы қол жеткізуге бо­лады.

Петропавл қаласындағы ХҚКО-да жүзден астам маман жұ­мыс істейді. Карантин талаптары қатаңдатылғаннан бері олардың жартысына жуығы қашықтан жұ­мыс істеу тәртібіне көшкен. Қажетті құжаттарды алу үшін «egov.kz» электронды порталы арқылы келетін кезек уа­қыты белгіленеді.
Кезекті онлайн алудың төрт жолы ұсынылады: «egov.kz», «te­legram»-дағы «egovvkzot», «eGov Mobile» қосымшасы, 1414 call-орталығы. Техника тілін тү­сін­бей­тіндер, сондай-ақ, мүге­дек­тер мен қариялар кеңесші­лер­дің көмегіне жүгіне алады.
Халыққа қызмет көрсету орта­лығы 700-ден астам мемлекеттік қызмет түрін көрсете алады. Олар­дың 80 пайыздайы онлайн қолжетімді. Тек жүзге жуық қыз­мет түрі ғана қағаз жүзінде рәсім­деледі.


Ерназар НҰРҒАЛИЕВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» АҚ-ы облыстық филиалының баспасөз хатшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp