«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОРТАҚ КЕЛІСІМГЕ КЕЛМЕК

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) басшылығы мексикалық Сауль “Канело” Альварес (46-1-1, 32 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) арасында келіссөз жүргізу мерзімін 11 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Сарапшылардың пайымдауынша, “WBC” президенті Маурисио Сулейман Альвареске белбеуін ерікті түрде қорғауға мүмкіндік береді. Сонан соң Альварес Головкинмен кездесуге міндетті болады. Сонымен, Альварес 2016 жылдың мамыр айында өз белбеуін ерікті түрде қорғайтын болса, ал Головкинге қарсы кездесуі қыркүйек айында өтеді деп болжануда.  

Егер Сауль Альварес желтоқсанның 11-іне дейін Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға қатысты бір тоқтамға келмеген жағдайда, “WBC” ұйымы мексикалық боксшыдан чемпиондық белбеуді тартып алып, оны қазақстандық боксшыға тарту етеді. Боксшылардың әлі күнге дейін ортақ келісімге келе алмауына олардың шаршы алаңда қай салмақ дәрежесінде сынға түсетіні белгісіз болып отыр.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp