«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОРТАҚ МІНДЕТ

Өңіріміздің фармацевтері өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірге өткізген “дөңгелек үстел” отырысына облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары да қатысты. Алдымен тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі облыстық департаменттің өкілдері коммуналдық сала нысандарындағы санитарлық жағдай жайында мәселе қозғады. Кейін облыстық құқықтық статистика және ақпараттық есеп бойынша прокуратураның аға прокуроры кездесуге қатысушыларды “Бизнес тірегі” интернет-порталымен таныстырып, кәсіпкерлердің құқықтарын түсіндірді.

“Дөңгелек үстел” басында дәрі-дәрмек бағасының шарықтауына байланысты пікірлер де тыңдалды.

Медицина мамандары уәкілетті органның қоғамдағы жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатындағы бастамасын бірауыздан қолдап, ынтымақтастық туралы ашық келісім құжатына қол қойды. Сөйтіп, қоғамдағы келеңсіздіктің тамырына балта шабу жолында бірге күресетін болып шешті.

  (Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp