«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОРТАҚ МІНДЕТ

Біздің мектебімізде 25 сынып жетекшісі бар. Олардың әдістемелік бірлестігі өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, үнемі жұмыс нәтижесін арттырудың амал-тәсілдерін іздестірумен келеді.

Жуырда мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Самал Үмітбаева мен Алмагүл Сұңғатованың ұйымдастыруымен “Сынып жетекшісінің жұмысындағы инновациялық әдістер” тақырыбында семинар өтті. Онда сынып жетекшілерінің оқушыларды тәрбиелеу ісін жандандыру және бұл жұмыста сыни ойлау, интербелсенді оқыту әдістерін қолдану, еңбек өтілі көп сынып жетекшілерінің тәжірибесіне зер сала отырып, жас мұғалімдерге көмек көрсету мәселелері талқыланды. Мектеп психологы А.Ескендірова қатысушылармен тренинг өткізсе, А.Сұңғатова коучинг түрінде сынып жетекшілерінің жұмысын қалай дұрыс және тиімді ұйымдастыру керектігін көрсетті.

Семинар мектепте тәрбие жұмысын атқарып жүрген мамандарға өз қызметіне жаңаша қарап, инновациялық әдістерге көшу қажеттігін көрсетті. Қатысушылар бүгінгі білім беру жүйесін дамыту инновациялық идеяларға, жаңа тәсілдер мен қағидаттарға, отбасылық және ұлттық дәстүрлерге негізделуі тиіс деген ортақ шешімге келді.

Айгүл АЙЖЕРКЕНОВА, Бәйтерек орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp