«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оқиға

ҚАҚ БӨЛІНГЕН КӨПІР

Ғабит Мүсірепов атындағы ау­данда оқыс оқиға орын алды. Көпір қақ бөлініп, жүк көлігі Есіл өзеніне түсіп кеткен. Абырой болғанда, жүргізуші дін аман. Бидай тиеген жүк көлігі өт­келден өтпек болған. Сол мезетте осы ауданға қарасты Бірлік пен Нежинка ауылдарын жалғап тұр­ған көпір қақ айырылған. Жүк көлігі судан шығарылды. Әзірге екі ауылдың тұрғындары айналма жолмен қатынауға мәжбүр. …

ҚАҚ БӨЛІНГЕН КӨПІР Read More »

Бір адам қаза тапты

Облыс орталығының Воров­ский көшесінде орналасқан же­ке­­меншік үйден өрт шықты. Өрт­сөндірушілер оқиға орнынан үй иесінің зайыбын (1982 жылы ту­ған, екінші топтағы мүгедек) алып шықты. “Жедел жәрдем” қызметкерлері әйелдің қайтыс болғанын растады, оның себеп­тері анықталуда. Өрт 5 сағат 35 минутта толық сөндірілді. Қызыл жалын салда­рынан 50 шаршы метрдегі ас үй, жатын бөлме мен кіреберіске за­қым келген, баспананың …

Бір адам қаза тапты Read More »

Бір жасар сәбидің өлімі

Шал ақын ауданында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды. Облыстық полиция департа­менті баспасөз қызметінің мәлі­метінше, Шал ақын ауданы Арай ауылының маңында жергі­лік­ті маңыздағы жолда “ВАЗ 2107” автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола ал­май, қиыршық тас үйіндісіне ба­рып соғылған. Алған жарақаттары сал­да­рынан көліктегі 2024 жылы ту­ған нәресте медициналық меке­ме­ге …

Бір жасар сәбидің өлімі Read More »

ЖАНТҮРШІГЕРЛІК АПАТ

“Астана – Петропавл” тасжо­лы­ның 435-ші шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тапты. “Daewoo Nexia” автомобилі мен “КамАЗ 54105” жүк көлігі соқ­тығысқан. Жол апаты салда­ры­нан “Daewoo Nexia” жеңіл кө­лігі­нің 40 жастағы жүргізушісі мен 39 жастағы жолаушы алған жа­ра­қат­тарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал 17, 19 және 62 жаста­ғы тағы үш жолаушы түрлі дене …

ЖАНТҮРШІГЕРЛІК АПАТ Read More »

Жүк көлігі қағып кетті

Петропавлда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 17 жастағы жасөспірімді жүк көлігі қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы 26 қыркүйек күні “Жас өркен” шағынауданында орын алған. Зардап шеккен жеткіншек облыстық көпбейінді балалар ауруханасында емделуде, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда. Жасөспірім есін біледі, өздігінен дем алып жатыр, бірақ жарақаты ауыр. Оның жамбас сүйегі бірнеше жерінен сынған. Гүлнәр …

Жүк көлігі қағып кетті Read More »

Абайсызда ажал құшты

Аққайың ауданының 56 жас­тағы тұрғыны өз үйінің аула­сында “POLARIS” маркалы квадроциклмен, аударылып қалды. Салда­рынан жанында отырған 4 жасар бала ауыр жа­рақат алды. Сәби бірден ор­талық аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер ба­ланың өміріне араша түсе ал­ма­ды. Квадроциклдің жүргі­зушісі ауруханада жатыр. “Қылмыстық кодекстің “Абай­­сызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын бас­қаратын адамдардың жол жү­рісі немесе көлiк құралдарын пайдалану …

Абайсызда ажал құшты Read More »

Өз-өзіне қол салған

Көпбалалы келіншек өзін абай­сызда жарақаттап алып, қа­лалық ауруханаға жеткізілді.  Жансақтау бөліміне түскен әйел­ге дәрігерлер шұғыл түрде ота жа­­сап, оны ажал тырнағынан арашалап алды. Оқыс оқиға көпқабатты үй­лер­дің бірінде орын алған. Көр­ші­лерінің айтуларына қараған­да, келіншек азаматтық некедегі күйе­уімен тұрған. Бірақ үнемі жанжалдасып, маңайындағылар­­ға тыныштық бермейтін көрі­неді. Кезекті айғай-шудың ақыры қайғылы аяқтала жаздады. 8 қыркүйек күні “102” …

Өз-өзіне қол салған Read More »

Телефон – өртке себеп

Петропавлда қуатталып тұрған те­лефон өрттің шығуына себеп бол­ды. Салдарынан 56 жастағы ер адам ауруханаға түсті. Облыстық төтенше жағдайлар де­партаменті баспасөз қызметі­нің мәлі­метінше, Петропавлдағы үш қабат­­­ты тұрғын үйдің бірінші қаба­тындағы пәтер­лердің бірінде өрт шық­қан. “Өрт 5 шаршы метр аумақта бо­лып, жиһаз жанды. Өртсөндіруші­лер оны 8 минут ішінде толық сөндірді. Пәтерде болған 1968 жылғы ер адамға иіс …

Телефон – өртке себеп Read More »

Қызыл жалында аяушылық жоқ

Биыл облыста 245 өрт оқиғасы тіркеліп, қызыл жалын 17 адамның өмірін қиды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда аз. Былтыр 383 өрт оқиғасы орын алса, салдарынан 19 тұрғын көз жұмған. Мысалы Жамбыл ауданының орталығы – Пресновка ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Төтенше жағдай жайлы ақпарат сағат 16:57-де түсіп, жедел түрде өртсөндірушілер жіберілді. Оқиға орнына …

Қызыл жалында аяушылық жоқ Read More »

АНАСЫН ӨЛТІРГЕН

Тайынша қаласында 59 жастағы азамат өзінің анасын өлтірді деген күдікке ілікті. Сол күні қария 82 жасқа толыпты. Бұл фактіні облыстық полиция департаменті растап отыр. Қазір күдіктіні полицейлер қолға түсіріп, оны уақытша ұстау оқшаулағышына қамаған. Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастап, қажетті сараптамаларды жүргізіп жатыр. Әсет ҚАНАФИН.

Саңырауқұлақтан уланған

Петропавлда саңырауқұ­лақ­тан екі әйел қатты уланып, өлім аузынан қалды. Олардың біреуі әлі де жансақтау бөлімін­де жа­тыр. Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау бас­қармасы­ның мәліметінше, екі оқиға да бір күнде болған, бірақ бір-біріне қа­тысы жоқ. Жексенбі күні қа­лалық көп­бейінді ауруханаға са­ңырауқұ­лақ жеп уланды деген диаг­ноз­бен 49 жастағы әйел түс­кен. Өте ауыр жағдайда түскен қала тұрғыны бірден жансақтау …

Саңырауқұлақтан уланған Read More »

Суға батып кетті

Қызылжар ауданы, Приб­­режное елді мекенінің ма­ңында орналасқан “Чер­ное” көліне суға шомылуға бар­ған 20 жастағы жігіт мерт бол­ды. Облыстық төтен­ше жағ­дайлар де­партамен­ті бас­пасөз қыз­метінің мәліме­тінше, оқыс оқиға 1 шілде күні кеш­ке болған. “Белгісіз жағдайда жоғалған 2003 жылы туған ер адамды із­деуге төтенше жағдайлар депар­таментінің жеке құрамынан 3 адам, 5 құтқарушы жұмылды­рылды. Сондай-ақ оқиға орнында полицияның 5 …

Суға батып кетті Read More »

Көрер жарығы бар екен

Ақжар ауданында жұмыс іс­теп жүрген 20 жастағы жігіттің үс­тіне бал­шық құлап кетті. Ауру­ха­наға ауыр халде түскен зардап ше­­гу­шіні дәрігерлер аман алып қалды. Оқиға 11 маусым күні болған. Ақжар аудандық ауруханасының мамандары облыстық көпбейінді ауруханаға хабарласып, ауыр сырқат түскендігін айтқан. “Ақжарлық әріптестеріміз ер адам бас сүйек-ми жарақатын алуы мүмкін, кеудесі қысылған, мидың гипоксиясы тіркелгендігін айтты. Жігіт …

Көрер жарығы бар екен Read More »

Өндірістегі жарақат

Мағжан Жұмабаев ауда­нының 50 жастағы тұрғы­ны өндірісте жарақат ал­ды. Облыстық денсаулық сақтау бас­қармасы баспасөз қызметінің мә­ліметінше, абайсызда жарақат алған ер адамды аудандық ауру­ха­наға фельдшер жеткізіпті. Жұ­мыс­шының оң қолының басы ас­тық­ жеткізетін иірмекте қалып қой­ған. Ауруханаға түскен кезде ер адам көп қан жоғалтып, қолының басы мыжылып қалған. Дәрігер­лер ота жасап, бі­лек буынының негізін қалыптас­тырды. Травматикалық шок …

Өндірістегі жарақат Read More »

Сегіз қойды соқты

Жезқазған – Петропавл авто­жолында Қызылжар ауданының Се­мипалатное және Рассвет ауыл­дары арасында таңғы уақыт­та “Toyota” автокөлігінің алдына күтпеген жерден қойлар шыға келген. Жүргізуші көлі­гін тоқтата алмай жануарларды соғып кеткен. Жол-көлік апаты сал­дарынан сегіз қой өліп, машинаға механикалық зақым келген. Жүр­гізуші зардап шеккен жоқ. Жыл басынан бері облысы­мыз­­дың аумағында мал жаю ере­жесін бұзудың 1204 дерегі тіркелді. Әсет …

Сегіз қойды соқты Read More »

Үш бала суға кетті

Өңірде өткен аптада үш бала суға кетті. 10 жасар бала­ның денесі әлі табылған жоқ. 14 маусым күні ол сағат 15:00 ша­масында Есіл өзенінің Зайсан шағынауданы маңында суға кеткен. Бала достарымен шо­мы­луға барған екен. “Іздеу жұмыстарына облыс­тық төтенше жағдайлар депар­таментінің жеке құрамынан 52 адам және 5 техника жұмылды­рылды. Іздеуге бір су асты дро­ны және ұшқышсыз басқарыла­тын …

Үш бала суға кетті Read More »

Жансақтау бөлімінде жатыр

Петропавлда бес қабатты үйдің терезесінен құлап кеткен 4 жасар бүлдіршіннің өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Оқыс оқиға 7 маусым күні болды. “Петропавл қаласы полиция басқармасының “102” жедел нөміріне Ысқақ Ыбыраев көшесіндегі бес қабатты үйдің терезесінен баланың құлап кеткендігі туралы ақпарат түскен. Қазіргі уақытта бүлдіршін облыс орталығындағы емдеу мекемелерінің бірінде. Тексеру жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады …

Жансақтау бөлімінде жатыр Read More »

Пойызға соғылды

Петропавлда “Foton” маркілі жүк көлігі мен жүк пойызы соқтығысты. Салдарынан екі адам зардап шекті. Апат Жұмысшы кенті жақтағы айналма жол бойындағы темір жол өткелінде болған. Зардап шеккен көліктің жүргізушісі 27 жастағы азаматты “Жедел жәрдем” мамандары тексеріп, үйіне жіберді. Ал 46 жастағы жолаушы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. – Зардап шеккен адамға жарақаттану пунктінде медициналық көмек көрсетілді. …

Пойызға соғылды Read More »

Отқа оранған үй

Қызылжар ауданына қарасты Пресновка ауылында жеке тұр­ғын үй өртенді. Салдарынан 48 жастағы ер азаматты күйік шалды. Төтенше жағдай мамырдың 22-сі күні сағат екілер шамасын­да орын алған. Қызыл жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыды. 4-ші Строительный, 7 мекен­жайында орналасқан баспанаға дереу өртсөндірушілер жіберілді. Құтқарушыларға қызыл жалын­ды ауыздықтауға жергілікті “Гладких” жауапкершілігі шектеу­лі серіктестігінің қызметкерлері көмектесті. Өрт сағат …

Отқа оранған үй Read More »

Үш жерден пышақ салған

Петропавлдағы №44 орта мектептің оқушысы аулада 19 жастағы жігітті бірнеше жерден пышақтаған. Салдарынан бозбала ауруханаға түсіп, оған ота жасалды. Қазір жағдайы бірқалыпты. Білім ордасының директоры Анастасия Якушеваның айтуынша, 13 мамыр күні ерекше режімдегі арнайы мектептен 18 жастағы оқушы ауысып келген. Ол оқу жылын осында аяқтап, емтихан тапсырып, аттестат алуы тиіс еді. “Ол жұмысқа орналасу туралы …

Үш жерден пышақ салған Read More »