ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАҒАН
Петропавлдың 47 жастағы тұрғыны өз үйінде асылып қалды. Ер адамның суицид жасағандығы туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тараған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады. 10 мамыр күні өз үйінде асылып тұрған 47 жастағы ер адамның денесі табылғандығы туралы хабарлама түсті. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. …