«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оқиға

Қоқысты жағу — қауіпті

Сәуір айының басынан бері өңір ормандарында 8 өрт болып, от 31,8 гектар аумаққа жайылды. Бұл тура­лы облыстық төтенше жағдайлар жө­ніндегі департамент бастығының орынбасары Дмитрий Растихин айтты. “Тұрғындардың дені үй маңын­да, әсіресе желді күні қоқысты жағу аса қауіпті екенін түсіне бермейді. Мәселен Мағжан Жұмабаев ауда­нын­дағы Бәйтерек ауылында өрт болды. Сол күні жел­дің екпіні секундына 28 метрге …

Қоқысты жағу — қауіпті Read More »

Жетпіс төрттегі мас жүргізуші

Қызылжар ауданының орта­лығы Бескөл ауылында учаскелік полиция инспекторы тексеру мақса­тымен “Ssang Yong” автокөлігін тоқтатқан. Полиция қызметкеріне көлікті басқарып келе жатқан 74 жастағы жергілікті тұрғын жақсы таныс болатын. Ол биыл қаңтар айында мас күйінде көлік тізгін­дегені үшін жүргізуші куәлігінен айы­рылған. Сот шешімін елемеген одан ішім­діктің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру оның қайтадан орташа мас күйде көлік …

Жетпіс төрттегі мас жүргізуші Read More »

Терезеден құлап, мерт болды

Петропавлда тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлаған зейнеткер көз жұмды. Оқыс оқиға 18 сәуір күні орын алған. Петропавл қалалық поли­ция бөлімінің кезекшісіне Нұрсұл­тан На­зарбаев көшесіндегі үйдің те­резе­сінен әйел адамның құлап кет­кен­дігі туралы хабар түскен. Әйел­дің жа­сы – 67-де. Ол алған жарақа­ты­нан оқиға орнында қайтыс болды. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 105-ба­бы­ның 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай …

Терезеден құлап, мерт болды Read More »

Асығудың алды – ажал, арты – қайғы

Облыста өткен үш айдың ішінде 35 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Сал­дарынан үш адам қаза тауып, 65-і жарақат алды. Қаза тапқан­дар­дың біреуі – бала. Жарақат алған­дардың арасында бес жасөспірім бар. Жол-көлік оқиғаларының кө­бінде көліктер бетпе-бет соқтығыс­қан. Осындай 20 апат орын алды. Тәжі­рибе көрсеткендей, бұл көбіне ма­невр жасау ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығу, бағдаршамның ты­йым салынған сигналына өту, …

Асығудың алды – ажал, арты – қайғы Read More »

ЕСІРТКІ ТАРАТҚАН ӘЙЕЛ

Петропавлда жедел іздестіру іс-шарасы барысында 36 жастағы әйел ұсталды. Ол интернет-дүкендердің бірінде жұмыс істеп, синтети­калық есірткіні буып-түюмен және таратумен айналысқан деген күдікке ілігіп отыр. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қаласының тұрғыны облыстық прокуратураның үйлесті­руімен өткен жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қолға түскен. Ұсталғанның тұрғылықты жерін тінту кезінде 2 полимерлі ыдыс және сатуға дайындалған ішінде түйір …

ЕСІРТКІ ТАРАТҚАН ӘЙЕЛ Read More »

Ата-аналарын алдаған

Петропавл қаласының Амангелді көшесіндегі көппәтерлі үйдің тұрғындары түнгі сағат үш шамасында полицияға хабарласып, жалға берілетін баспанада кәмелет жасқа толмаған балалардың болуы мүмкін екендігін айтқан.Оқиға орнына ювеналды полицейлер барып, қысқа мерзімге жалға берілетін пәтерде 12-16 жас аралығындағы 13 жасөспірім болғанын анықтады. Олардың барлығы өз ата-аналарын “туыстарымыздың немесе дос­тарымыздың үйінде түнейміз” деп алдаған. Түн ортасында ата-аналар балаларын …

Ата-аналарын алдаған Read More »

Бес адам зардап шекті

16 наурыз күні Мағжан Жұмабаев ауданындағы “Челябі – Новосібір” автожолының 609-шы шақырымында “Volkswagen Caravelle”, “Lada Granta” жеңіл көліктері мен жол үстін қардан тазартып жүрген “Урал” ар­найы техникасы соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Урал”, “Volkswagen Caravelle” автомобильдерінің жүргізушілері және “Volkswagen Caravelle”, “Lada Granta” көліктерінің жолаушылары, барлығы бес адам зардап шекті. Олардың бар­лығына медициналық көмек көрсе­тілді. Қазіргі …

Бес адам зардап шекті Read More »

Мұржасы күлге толған

Халықаралық әйелдер күнінде облыста үш өрт оқиғасы тіркелді. Оның екеуі Петропавлда, біреуі Аққайың ауданында орын алды. Наурыздың 8-і өрт сөндіру қыз­метінің мамандары күшейтілген ре­жімде жұмыс істеді. Облыстық тө­тенше жағдайлар жөніндегі депар­та­менті баспасөз қызметінің мәлі­метінше, оқыс оқиғалар тұрғын­дардың қарапайым сақтық ереже­лерін елемеуінен орын алған. Құтқарушылардың жедел әре­кеті нәтижесінде зардап шеккен­дер мен адам өлімі тіркелмеді. Мереке күні …

Мұржасы күлге толған Read More »

Қалай ғана атты екен көзі қиып?

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы кү­рес басқармасының қызметкерлері облыстық полиция ведомствосының басқа бөлімшелерімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде заңсыз аң аулады де­ген күдікпен Петропавлдың үш тұрғынын ұстады. Басқарма мамандары­на Петропавл қаласы тұрғында­рының бірінде тіркелмеген қарудың болуы мүмкін екендігі туралы ақпа­рат түскен. 27 ақпан күні таңертең “Челябі-Новосібір” тасжолының 525 шақы­рымында полиция қызметкерлері 28 жастағы Петропавл тұрғынының бас­қаруындағы “ВАЗ-2115” автокөлігін …

Қалай ғана атты екен көзі қиып? Read More »

Ауруханада көз жұмды

26 ақпан күні Петропавл қала­лық по­лиция басқармасының “102” жедел ар­насына облыс орталығын­дағы көңіл кө­теру орындарының бі­рінде ер адам­ның атыс жарақатын алғаны туралы хабарла­ма келіп түскен. 28 жастағы ер адам­ды жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жет­кізген, алайда ол алған жарақаты­нан қайтыс болды. Аталған факті Қа­зақстан Республикасы Қылмыс­тық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі “адам өлтiру” бойынша сотқа дейінгі тер­геп-тексерулердің бі­рың­ғай …

Ауруханада көз жұмды Read More »

Боранда қалған балықшылар

Тайынша ауданының 44 және 24 жастағы екі тұрғыны облыстың ірі су айдындарының бірі – Шағала­лы көліне балық аулауға барған. Алай­да түнде қарлы боран баста­лып, олар үйлеріне оралмақ бола­ды. Бі­рақ “ВАЗ-2110” көлігі қа­лың қардан өте алмай, батып қал­ған. Таңертең ерте телефон арқылы көмекке шақырған. Аудандық полиция бөлімінен ха­бар алған соң, учаскелік инс­пектор­лар Ерлан Ыбыраев пен Талғат …

Боранда қалған балықшылар Read More »

Мас жүргізушілер азаймай тұр

Апаттылықты азайту, ауыр зар­даптарға алып келуі мүмкін жол-кө­лік оқиғаларын болдырмау. “Мас жүргізуші” жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде полицейлердің ал­дына осындай міндеттер қойылды. Күшейтілген тексерулердің нәти­же­сінде бес күн ішінде 22 мас жүргізуші анықталды. Қазір тәртіп бұзушылар әкімшілік қамау түріндегі жазала­рын өтеп жатыр және келесі жеті жыл ішінде оларға көлік жүргізуге тыйым салынады. Сондай-ақ тексе­ру барысында жолаушыларды заң­сыз …

Мас жүргізушілер азаймай тұр Read More »

Қар астындағы мәйіт

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан­ға қарасты Янко станциясынан Жа­ңасу ауылына түс кезінде 45 жас­тағы ер адамның жаяу шығып кетіп, содан ұшты-күйлі жоғалғаны белгілі болған. Полиция қызметкерлері, құт­қарушылар, еріктілер және жергілікті тұрғ­ындар арасынан үш жедел-із­дестіру тобы құрылыпты. Іздеу жұ­мыстарына жол талғамайтын көлік пайдаланылған. 20 ақпан күні Жаңасу ауылынан үш шақырым жерде жоғалған адам­ның денесі қардың астынан табыл­ды, …

Қар астындағы мәйіт Read More »

Бір қорап темекі ұрлағаны үшін қар күреп, көше тазалайды

Қызылжар ауданының тұр­ғыны бір қорап темекінің ақшасын төлемей кеткені үшін жаза­ланды. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қыз­метінің мәліметінше, ол демалу үшін Петропавлдағы досының үйіне кел­ген. Қонақ спирттік ішімдік ішкеннен кейін жақын маңдағы дүкенге бара­ды. Сатушыдан бір қорап темекі сұ­рап алғаннан кейін ақысын төлемей қашып кетіпті. Кейін ол бұл қылмысқа мас болғандықтан барғанын айтып, ақталмақ болды. …

Бір қорап темекі ұрлағаны үшін қар күреп, көше тазалайды Read More »

Көшеде тапаншамен жүрген

Петропавлдың көшесінде қару ұстап жүрген 23 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Облыстық полиция департа­менті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 17 ақпанда бол­ған. Петропавл қаласы полиция бас­қармасының 102 жедел арнасына Н.Назарбаев көшесіндегі “Северный” базарының жанында қолында қаруы бар күдікті ер адамның келе жатқа­ны туралы хабарлама түседі. Бұл дерек ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген. Полицейлер екі ер адамды …

Көшеде тапаншамен жүрген Read More »

Жатақханадан шыққан жалын

Облыстық төтенше жағдайлар де­партаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 ақпан күні Петро­павлдағы Горький көшесі, 172-үйде орналасқан жатақханадан өрт шық­қан. Мамандар оқиға орнына жет­кенде бес қабатты үйдің 2-қабатында орналасқан бөлмелердің бірі көк түтінге оранған екен. “Өрт туралы қоңырау сағат 12:37-де түсті. Оқиға орнына жеке құрам­нан 41 адам мен 13 техника жібе­­ріл­ді. 107 адам эвакуацияланды, оның 13-і бала. …

Жатақханадан шыққан жалын Read More »

Ерсіннің ерлігі

Бұл оқиға 10 ақпан күні болды. Сағат 18.00 шамаларында “Алматы-Петропавл” бағытында жүретін жүр­дек пойзыбен кезекті іссапардан келе жатқан №6637 әскери бөлімінің офицері Ерсін Жантурин вагондар­дың бірінен қыздың көмекке шақыр­ған даусын естиді. Дауыс шыққан купеге жақындаса, есігін әлдебіреу ішінен жауып алғанын байқайды. Бар күшімен есікті жұлқып ашып, ішке кірсе екі адам ғана екен. Қо­рыққан қыз бұрышқа …

Ерсіннің ерлігі Read More »

Тергеу жүргізілуде

Мағжан Жұмабаев аудандық по­лиция бөліміне Булаево қаласындағы үйлердің бірінде 14 жасар қыз­дың зорланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті “зорлау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Көп ұзамай полиция қызмет­керлері Булаево қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уа­қытта күдікті уақытша ұстау изолято­рында отыр. Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, істің мән-жайын анықтауға бағытталған …

Тергеу жүргізілуде Read More »

Екі айға қамалды

Петропавлдағы №4 орта мектепте балтамен қаруланған оқушы үш жасөсіпірімді жарақаттағаны туралы газетіміздің өткен санында жазғанбыз. Зардап шеккендердің екеуіне ота жасалып, біреуі жарақаты жеңіл болған соң үйіне жіберілген. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров ауруханаға арнайы барып, оқушылардың хал-жағдайын сұрады. Облыстық денсаулық сақтау бас­­қар­масының баспасөз қызметі мә­лімдегендей, жарақат алған екі оқу­шы жансақтау бөлімінен травмото­логия бөлімшесіне ауысты­рылды. – Қазіргі …

Екі айға қамалды Read More »

Балаларға балта ала жүгірген

Петропавлдағы №4 орта мектепте жантүршігерлік оқиға орын алды. Аталмыш білім ордасының тоғызыншы сынып оқу­шы­сы сабаққа балта мен пышақ ала келіп, үш баланы жарақаттады. Оқыс оқиға 13 ақпан күні таңғы сағат 7:50-де орын алды. №4 орта мектептің тоғызыншы сынып оқушысы сөмкесіне тығып, өзімен бірге ас үйде қолданылатын балта мен пышақты ала келген. Бірден дәретханаға кіріп, бетперде …

Балаларға балта ала жүгірген Read More »