«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ САЯЖАЙ ИЕЛЕРІ ҚАЛА ӘКІМІ БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВКЕ ӨЗДЕРІН МАЗАЛАҒАН СҰРАҚТАРЫН ҚОЙДЫ

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков саяжай қауымдастықтарының төрағаларымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кездесу барысында саяжайларға қатысты өзекті мәселелер талқыға түсті.

– Бағбандар саяжай маусымы басталысымен кіреберіс жолдарды жөндеу және тегістеуге қатысты мәселелерді айтты. Сонымен қатар, бау — бақша серіктестіктеріне автобус қатынату, электр және сумен жабдықтау, бейнекамералар орнату, қоқыс шығару, ағын су кәріздерін тазарту мәселелері талқыланды, – деп жазды қала әкімі Болат Жұмабеков өзінің «Facebook»-тегі парақшасында.

Қала аумағында 173 бау-бақша серіктестігі бар. Соның 96-сы сумен қамтамасыз етілген. Су белгіленген кестеге сәйкес беріледі. Ал электр энергиясы саяжайлардың 90-на тартылған.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, саяжай маусымы басталар алдында кіреберіс жолдарды грейдерлеу жүргізіледі. Биыл арнайы бекітілген кестеге сәйкес, 19 бау-бақша бағыты бойынша жұмыс атқарылады. Қала әкімдігі саяжай иелерінің ұсыныстарын ескере отыра, автобустардың қозғалыс кестесін әзірледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp