
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Петропавл қалалық мәслихатының келісімімен, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Болат Серікұлы Жұмабековті Петропавл қаласының әкімі қызметіне тағайындады.
Болат Серікұлы 1972 жылы 5 қарашада бұрынғы Көкшетау облысының Куйбышев ауданындағы Куйбышев ауылында туған. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін ғалым агроном, юриспруденция бакалавры мамандықтары бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы “Жұмабеков К.С.” шаруа қожалығының агрономы болып бастаған. 1997-1999 жылдары Тимирязев ауданы әкімі аппаратының бас маманы – жерге орналастырушысы, Тимирязев аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің бас маманы болып істеген.
1999-2005 жылдары Тимирязев аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің төрағасы, 2005-2007 жылдары Тимирязев аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2007-2009 жылдары Тимирязев ауданының әкімі болды. 2009-2011 жылдары облыс әкімі аппаратының басшысы, 2011-2012 жылдары облыс әкімінің орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді. 2012-2013 жылдары Петропавл қаласының әкімі болып қызмет етті.
2014-2018 жылдар аралығында Қызылжар ауданының әкімі, ал осы тағайындауға дейін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі қызметтерін атқарды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.