Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6637 әскери бөлімінің қызметшілері жергілікті полицейлермен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті күзетеді. Бүгіндері күн сайын облыс орталығын патрульдеуге 145 әскери қызметші шығып жүр.
Үстіміздегі жылдың басынан бері Петропавл қаласында полицияның кешенді күштерінің жасақтарымен – 72, 6637 әскери бөлімінің патрульдік-бекеттік топтарымен 11 қылмыс анықталып, 1100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.
Күн сайын Петропавл қаласын патрульдеуге полицияның кешенді күштерінің құрамында жеке күзет құрылымдарының қызметкерлері де шығады. Жыл басынан бері олар полицейлермен бірлесіп жүргізген жұмыстарының нәтижесінде 250-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің аға инспекторы.