«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Прокурорлар аллеясы

Кеше облыс орталығының Мағжан Жұмабаев және Кәрім Сүтішев көшелерінің қиылысында Прокурорлар аллеясы салтанатты түрде ашылды.

– Біз Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында тамаша оқиғаға жиналып отырмыз. Тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде прокуратура органдары елімізбен бірге өсіп-өркендеу жолынан өтті. Бүгіндері елімізде заңдылықты сақтауды қадағалайтын орган ретінде прокуратура қызметкерлері Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолында өз міндеттеріне сай адал қызмет етуде. Еліміз үшін мерейлі мерекелер қарсаңында Петропавл қаласында Прокурорлар аллеясы ашылып отыр. Бұл аллея прокуратура органдары ардагерлерінің адал еңбегіне көрсетілген зор құрмет екені сөзсіз. Олардың еліміздің жарқын болашағы үшін атқарған жанқиярлық еңбегі, заңдылықты сақтаудағы тындырымды жұмыстары кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болуы тиіс, – деді облыс прокуроры, аға әділет кеңесшісі Степан Зайтлер.

Аллеяны ашу салтанатына облыс прокуратурасы жанындағы консультативтік кеңестің мүшелері, прокуратура және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еңбек ардагерлері, жұртшылық және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Облыс прокурорының бұрынғы орынбасары, соғыс ардагері Сапар Дүйсенов жиналған қауымды желтоқсан айындағы мерейлі мерекелермен құттықтап, Прокурорлар аллеясын ашу бастамасына қолдау білдірген облыс әкімі Ерік Сұлтановқа алғысын білдірді.

Гүлмайра КЕНЖЕБОЛАТОВА,

облыстық прокуратура аппаратының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp